рус

Блоги

Мемлекеттік бюджет

9 декабря 2020

site

Куаныш Жаиков

Автор

поделиться
статьей

ссылки на
источники

https://www.facebook.com/kuanysh.zhaikov/posts/4781481038559939

Бір апта бұрын Президент 3 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды. Әрине, бұған сарапшылардың көбісі көңіл бөлмеді. "Паркинсон заңы" - сандар неғұрлым көп болса, соғұрлым олар аз түсініліп, талқыланады.

Дегенмен, қазіргі уақытта республикалық бюджет – мемлекеттің ең негізгі құралы. Оның барлық нақты БАСЫМДЫҚТАРЫ осы жерде шоғырланған. Қалғанның барлығы – нақты жоспар емес, бос сөз, идеология.

Бұл туралы жыл басында жазған болатынмын.

https://www.facebook.com/kuanysh.zhaikov/posts/3470733052968084

Сонымен, ағымдағы 3 жылда мемлекеттің бір-ақ басымдығы болады – ӘЛЕУМЕТТІК сала. Негізгісі – білім беру саласы, әсіресе мұғалімдердің жалақысы. Басқа да әлеуметтік топтарға шығындар өсуде – мысалы, зейнеткерлерге, көп балалы жанұяларға, тегін медициналық көмекке. Жалпы, демографияға қатысты, алушылар саны да өсті.

Осымен жақсы жаңалықтар аяқталды. Енді басқа жағы - осы шығындарды өтеу үшін қай салалар ЗАРДАП ШЕГЕДІ?

1) ТҰРАҚТЫЛЫҚ. Біз мұңайдан жинаған Ұлттық қорымызды ақырындап бітіріп келеміз. Бірақ, балаларға жұмсағандықтан қарсылығым жоқ.

2) САЛЫҚТАР. Бұрын жасырып, салық төлемегендерге мемлекет енді жететін болды. Көлеңкелі нарыққа көзін жұма алмайды.

3) ҚАУІПСІЗДІК. Құқық сақтау, қорғаныс бюджеттері азаяды.

4) ЭКОНОМИКА. Шығындар 4,5 есеге (!) төмендейді. Естеріңізде болса, бұрын үлкен бағдамалар болатын – мысалы, индустрияландыру мен ауыл шаруашылығын дамыту – олардың шығындары 10 есеге (!) азаяды. Нұрлы Жол, Нұрлы жер, «Ауыл-ел бесігі». Салғандарын осы 1-2 жылда салады, кейін не болатыны әзірше түсініксіз.

5) Басқа әлеуметтік салалар. Мысалы, «Еңбек» бағдарламасының шығындары қысқарады. Мәдениет және спорт. Мемлекеттік пропаганда.

Көріп жатқанымыз – бұл ұзақ уақытқа созылған дағдарысқа қарсы жоспар. Қазір барлық елдер осындай логикамен бюджеттерін қарастыруда. Бірінші кезектегі мақсат - адам және оның қауіпсіздігі – кірістері, медицина саласы.

поделиться
статьей

ссылки на
источники

https://www.facebook.com/kuanysh.zhaikov/posts/4781481038559939

следующие статьи

Аналитика

перейти

Блоги

перейти

Новости

перейти
site