қаз

Талдау

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы. 2 бөлім

20 шілде 2020


Кіріспе

Ауыл шаруашылығы туралы мақалалардың бірінші бөлімінде біз Қазақстанның экономикасындағы аграрлық сектордың дамуының негізгі бағыттарының тұжырымдамалық болжамын қалыптастыруға тырыстық. Талдау жасалған дерек көздерінің негізінде дамудың үш негізгі бағыты топтастырылған: экономика драйвері, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауылдық аумақтарды әлеуметтік дамыту.
Мемлекеттік саясатта белсенді талқыға түсіп отырған бірінші бағыт – «экономика драйвері». «Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының драйвері болып табыла ма?» деген сұраққа жауап беру үшін аталған түсініктеменің сипаттамалары қандай екенін нақты ұғыну қажет болады.
«Экономика драйверінің» және одан кейінгі кешенді салааралық байланыстардың жекелеген факторлары туралы әр алуан пікірлер көп. Осы талдауды жүргізу мақсатында, біз біршама нақты, алайда, барлығын қамтитын дефиницияға тоқтатуды жөн санадық:
 «Экономика драйвері – экономикалық белсенділіктің қозғаушы күші, ол жергілікті экономиканы ынталандырып, жұмыс орындарын, сауда және инвестицияны арттыруға мүмкіндік береді» .
Аталған мақаланың мақсаты – ауыл шаруашылығының экономикалық жағдайы және бәсекеге қабілеттілігі туралы объективті түсінікті қалыптастыру. Мақалада 5 бөлім ұсынылады:
1.    Жұмыспен қамту
2.    Сауда
3.    Инвестициялар
4.    Экономикалық беріліс
5.    «Экономика драйверінің» сипаттамалары


Жұмыспен қамту

Халықаралық еңбек ұйымының жіктеуіне сәйкес, жұмыспен қамту сандық және сапалық көрсеткіштермен сипатталады. Сандық көрсеткіштерге салалық құрылым және жұмыспен қамту сипаттамасы, оның ішінде, жұмыс орындарының саны және секторда жұмыспен қамтылғандардың үлесі жатқызылады. Сапалық көрсеткіштерді еңбек ақы мөлшері және кадрлардың білім деңгейі, еңбек өнімділігі және мультипликативті жұмыспен қамту әсері құрайды.
«Экономика драйверінің» құрамдауышы ретінде жұмыспен қамту көрсеткіштері жұмыспен қамтудың үлесі салыстырмалы төмен болғанда, біршама жоғары еңбек өнімділігімен, сапалы жұмыс орындарымен, біліктілігі жоғары кадрлармен және қосалқы салалардағы жұмыс орындарына жоғары сұраныс қалыптастырумен сипатталады.
Сандық көрсеткіштер
Ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамту эволюциясы  теріс трендке ие, ол әлемдік экономикадағы индустриялық дамуға ауысудың трансформациялық процестерін көрсетеді.
Қазақстан экономикасында жұмыс күшінің ең жоғары жылыстауы ауыл шаруашылығы саласында байқалады - соңғы он жыл ішінде 2 есеге жуық артқан (1,1 млн адамнан артық). Аграрлық сектордағы жұмыспен қамтудың орташа жылдық төмендеуі 2009-2019 жылдары 6,4%, бұл басқа салалармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш болып табылады. Қазіргі таңда, ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамту 1,2 млн адамды құрайды. Сектордың ерекшелігі өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі жоғары – 64,6%.
1 сурет. Жұмыспен қамтудың өзгеруі, мың ад.
 
Дегенмен,әдістемедегі өзгерістер аграрлық сектордағы жұмыспен қамтудың нақты бейнесін бұрмалайды. Ауыл шаруашылығында өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға өнімдерін (1) тұтыну мен сату үшін шығаратын немесе (2) тек сату үшін шығаратын жеке қосалқы шаруашылықтар (ЖҚШ) жатқызылады.Аграрлық сектордағы жұмыс күшінің үлесі  2014 жылдан бастап 19-Халықаралық еңбек конференциясының қарарына сәйкес жаңа әдістемені пайдаланған жағдайда 13,5% құрайды. Аталған әдістеме өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жіктеуде ЖҚШ екінші кіші тобын ғана ескереді. Егер екі кіші топты да қосатын болсақ,  ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамту 1,6 млн адам немесе 17,7% дейін артады.
2 сурет. Ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамту, млн ад.
 
Әлемдік экономикадағы жұмыспен қамту үлесін салыстыру барысында дамыған мемлекеттерде ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамту 10% аспайтынын байқауға болады(3 сурет) : Жаңа Зеландия – 6,6%, Австралия – 2,6%, Канада – 2,0% және АҚШ – 1,7%. Ресейде жұмыспен қамту 6,7%, Беларусьте – 9,9%, Украинада – 14,9%, Қытайда – 17,5%, Бразилияда – 10,3%, Өзбекстанда – 21,9%, Қырғызстанда – 26,7% және Моңғолияда – 30,4%.
3 сурет.  2017 ж. ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамту, %
 

Сапалық көрсеткіштер
Еңбек ақы тұрғысынан, ауыл шаруашылығы тартымдылығы төмен сала болып отыр. Мемлекет бойынша орташа мөлшердегі орташа айлық еңбек ақы  160 мың теңге болған жағдайда, ауыл шаруашылығындағы еңбек ақы минималды – 90 мың теңге болып отыр. 2012-2018 жылдар аралығында еңбек ақы  2 есеге дейін артып, 98 мың теңгені құраған. Бұл жағдайда аграрлық сектор еңбек ақының орташа жылдық өсу ырғағы бойынша  – 11,4% көш бастап тұр. Алайда, осындай өсу ырғағының өзі жеткіліксіз, себебі екінші минималды көрсеткішпен айырмашылық 14,5% құрап отыр.
4 сурет. 2018 ж. орташа айлық еңбек ақы, мың тг
 
Еңбек ақы деңгейі еңбек өнімділігіне тәуелді болады, бұл көрсеткіш 2018 жылы 2 077 мың теңгені құраған. 2010 жылдан бастап аталған көрсеткіштер  2,4 есе артты. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің орташа жылдық өсу ырғағы және өсімі соңғы 8 жылда барлық салалармен салыстырғанда жоғары көрсеткіштер көрсетіп, сәйкесінше – 11,6% және 141,1% құрап отыр. Осыған қарамастан, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі елдегі басқа салалармен салыстырғанда төмен. 2018 жылы сала осы көрсеткіш бойынша 2010 жылғы ең төменгі орыннан 3 орынға жоғарылаған.
5 сурет. 2018 ж. еңбек өнімділігі, мың тг.
 
Біздің еліміздегі еңбек өнімділігін басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның төмен көрсеткіші біршама айқын байқалады (6 сурет) . Қазақстанның еңбек өнімділігі (5,6 мың АҚШ долл.) Қытаймен (5,8 мың) ұқсас болып келеді. Алайда Ресеймен (13,7 мың) және Белорусьпен (12,2 мың) айырмашылығы сәйкесінше 2,4 және 2,2 есе болып табылады. Бразилияның еңбек өнімділігі  – 12,4 мың. Біршама жоғары көрсеткіштерді Жаңа Зеландиядан 99,6 мың, Австралиядан 92,7 мың, АҚШ 83,7 мың және Канададан 72,1 мың байқауға болады. Аталған елдермен айырмашылық 12,9 бастап 17,8 дейін жетеді.
6 сурет. 2017 ж. ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі, мың АҚШ долл. 2010 ж. бағамен
 
Егер елдегі ауыл шаруашылығы саласының жұмыскерлерінің білім деңгейін қарастыратын болсақ, аграрлық сектор жұмыс күшінің ең төмен біліктілігімен сипатталады. Ауыл шаруашылығы саласында бастауыш, негізгі, жалпы орта білім деңгейі бар жұмыспен қамтылғандардың жоғары үлесі шоғырланған – бұл ауыл шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылғандардың жартысына жуығын құрайды (47%). Жоғары білімді жұмыспен қамтылғандардың үлесі -  небары 13%. Дегенмен, жоғары білімі бар жұмыскерлердің төмен деңгейі тек Қазақстанға ғана тән жағдай емес. Мысалы, Австралияда да аталған көрсеткіш 13% құрайды. Алайда, бұл Австралиядағы еңбек өнімділігі – 93 мың АҚШ доллары, ал Қазақстанда – 6 мың болуы фактісіне қатысты болмайды.
7 сурет. Білім деңгейі бойынша жұмыспен қамтылған халық, %
 
 «Ауыл шаруашылық ғылымдары» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарына студенттерді қабылдау 2 139 адам немесе бар болғаны 1,9% құрайды. «Ветеринария» мамандығына қабылданған студенттер үлесі 1,1%. 2014 жылдан бері ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы студенттердің саны орташа жылдық 5,6% ырғақпен төмендеген. Студенттердің үлесі 1,2 т.т. төмендеді.
8 сурет. «Ауыл шаруашылық ғылымдары» мамандығы бойынша ЖОО студенттерді қабылдау
 
2019-2020 оқу жылында «Ауыл шаруашылық ғылымдарына» 1600 грант (3,0%) және ветеринарияға 835 (1,5%) грант бөлінді, яғни, ауыл шаруашылық мамандықтары бойынша студенттердің 75% жуығы грантта оқиды. 2020 ж. 1 қаңтардан бастап Ауыл шаруашылық министрлігіне ауыл шаруашылық мамандықтары бойынша мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырысты бекіту және бөлу, көлемін қалыптастыру құқығы берілген.
Бұл жағдайда электронды еңбек биржасындағы ауыл шаруашылығындағы бос жұмыс орындарына қойылатын талаптар білікті емес жұмыс күшіне сұранысты көрсетеді. Мысалы, бос жұмыс орындарының жартысынан астамы – 51,4% үшін жалпы орта білім жеткілікті. Ал жоғары білім тек бос жұмыс орындарының 4,1% ғана талап етіледі.
Саладағы жұмыс орындарының тиімді сапалы көрсеткіштерінің бірі – жұмыспен қамту мультипликаторы. Өкінішке орай, аграрлық сектордағы жұмыспен қамту (1 жұмыс орны) қосалқы салалардағы ең төменгі сұраныстардың бірін – 0,3 жұмыс орнын құрайды.
9 сурет. Секторлар бойынша жұмыспен қамту мультипликаторы
 
Егер саладағы барлық жұмыспен қамтылғандардың жиынтық әсеріне қарайтын болсақ, 1,2 млн адам жоғары жұмыспен қамтылуына қарамастан, басқа салаларда бұл тек 311 мың қосымша жұмыс орнын құрайтынын көруге болады. Жұмыспен қамту 4 еседен артық болатын тау-кен өнеркәсібінде жиынтық әсер 2,2 есе жоғары болып табылады. Өңдеу өнеркәсібінде, құрылыста және саудада салыстырмалы түрде жоғары көрсеткіштер байқалады.
10 сурет. Басқа салаларда жұмыспен қамтудың жиынтық әсері, қосымша жұмыс орындарының саны
 

Қорытынды:
Жұмыспен қамту және жұмыс орындарын ашу тұрғысынан, ауыл шаруашылығы келесі себептерге байланысты экономика драйвері болып табылмайды:
    Жоғары нәтижесіз жұмыспен қамту
Жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары үлесі кезінде (ЖҚШ 17,7% қоса алғанда) аграрлық сектор барлық басқа  салалармен салыстырғанда ең төмен еңбек өнімділігімен сипатталады. Сонымен қатар, халықтың шаруашылықтары түрінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскерлердің жоғары үлесі басым (64,6%), олар көбінесе тек жартылай  ғана өнім сатуға бағытталады;
    Сапалы жұмыс орындарының болмауы
Ауыл шаруашылығы 1)  тұрақты өсу ырғағына қарамастан ең төмен еңбек ақымен; 2) маусымдық өзгерістерге ұшырауына байланысты еңбек нарығының тұрақсыздығымен; 3) жоғары білікті жұмыс күшіне сұраныстың төмен деңгейі және соның салдарынан негізгі орта білімі бар жұмыскерлердің ең жоғары үлесімен сипатталады;
    Жұмыс орындарына минималды екіншілік сұранысты қалыптастыру
Қосалқы салалардағы жұмыспен қамту мультипликаторының төмен коэффициенті.
Сауда

Аталған бөлімнің "экономика драйверінің" құрамдауыштары жалпы ішкі өнім, жалпы қосылған құн көрсеткіштері арқылы саланың жоғары өсу қарқынымен, ауыл шаруашылығының экспорттық себетінің оң технологиялық күрделілігімен және ЖҚҚ мультипликаторлары мен шығарылымның жоғары коэффициенттерімен сипатталатын болады.
ЖҚҚ
Ауыл шаруашылығындағы ЖҚҚ 3 065 млрд тг құрайды. 2010 жылдан бастап ауыл шаруашылығының ЖҚҚ үлесі 1,4 есе артты. Аграрлық сектор өнеркәсіп, сауда, көлік және қоймалау, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар және құрылыс саласынан кейінгі 7 орында тұр. Соңғы жылдары елдің ЖІӨ  аграрлық сектордың 4,4% деңгейінде тұрақтануы байқалады.
11 сурет. 2019 ж. нақты бағамен ауыл шаруашылығының ЖҚҚ, млрд. тг.
 
ЖҚҚ 2010 - 2019 жылдардағы орташа жылдық өсу ырғағы 3,7%  құрады, бұл салыстырмалы орташа көрсеткіш болып табылады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өңдеу және тау-кен өндіру өнеркәсібінен алда тұр.
12 сурет. 2010-2019 жж. ЖҚҚ орташа жылдық өсу ырғағы
 
Макроаймақ мемлекеттерімен салыстырмалы түрде қарастырғанда Қазақстанның ауыл шаруашылығының өсу ырғағы Моңғолиядан (9,2%), Өзбекстаннан (4,6%), Украинада (4,2%) және Қытайдан (3,8%) біршама  төмен. Осы тұрғыда елдің аграрлық секторы ауыл шаруашылығын дамытудың тиімділігі бойынша көшбасшы елдердің бірі болып табылатын экономикалық, аумақтық және табиғи-климаттық факторлары ұқсас көптеген басқа елдердің өсу қарқынынан асып түседі. Дүние жүзі бойынша өсу ырғағы 2,8% құрайды.
13 сурет. 2010-2019 жж. Ауыл шаруашылығының дүние жүзілік өсу ырғағы, %
 
Экспорттық себет және өнімнің күрделілігі индексі
Әлемдік ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығы  2000 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі аралықта біршама құрылымдық өзгерістерге ұшырады, ол негізінен дамушы мемлекеттердегі (Ресей, Бразилия, Индия, Қытай және Индонезия) сұраныстың тұрақты артуы есебінен жүзеге асырылды. Халықтың жан басына шаққандағы табысының артуына байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты артты, ал экспорт көлемінің өсуі аграрлық сектордағы еңбек өнімділігін арттыру нәтижесінде болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлемдік саудасы көлемінің орташа жылдық өсу қарқыны  2000 жылғы 570 млрд. АҚШ долларынан 2016 жылы 1,6 трлн АҚШ долларына дейін 6,7% құрады.  
Ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттаушылардың топ-5 әлемдік импорттың 64,3% құрайды: Еуропалық одақ елдері – 39,1%, АҚШ – 10,1%, Қытай – 8,2%, Жапония – 4,2% және Канада – 2,7%. Экспорттаушы көшбасшы елдердің тізімі Жапонияны қоспағанда, сол елдер түрінде болады: Еуропалық Одақ-41,1%, АҚШ – 11%, Бразилия-5,7%, Қытай-4,2 және Канада-3,4%. Олардың үлесіне ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының 65,4% тиесілі.
Қазақстанның сыртқы саудасында ауыл шаруашылығы тауарларының экспорты 2,7 млрд. АҚШ долл.немесе 5,2%, импорт – 1,8 млрд. немесе 7,7%. 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамыту мақсаттардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда экспорттық себет негізінен шикізат базасына негізделген: өңделген өнімнің 34% қарағанда шикізаттың 66% болып отыр. Барлығы бір жылда өңделген өнімнің үлесі 3 т. т. төмендеген.
14 сурет. Ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты, %
 
Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлемдік экспортында  (863 млрд АҚШ доллары) Қазақстан 68 орынды иеленеді, оның көлемі 1,1 млрд АҚШ долларын құрайды (0,12%). Осыған ұқсас үлесті Эстония, Боливия, Никарагуа және Мьянма экспорттайды. Экспорттаушылардың топ-10 өнімнің жартысынан астамын құрайды (51,0%).
15 сурет. 2019 ж. өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлемдік Топ-10 экспорттаушылары, млрд АҚШ долл.
 
Қайта өңделген өнімдердің тауарлық аталымдарының тізіміне сүйене отырып, өнімнің күрделілік индексі бойынша сәйкес позицияларды талдауға болады. Индекс нақты өнім өндіретін елдердің әртүрлілігін және осы елдер өндіретін басқа да өнімдердің таралуын ескере отырып есептелетін болады. Оң индекс коэффициенті белгілі бір елде өндірілетін өнімнің технологиялық күрделілігін көрсетеді. Қазақстанның экспортталатын қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің 113 позициясының тек 21 ғана өнім күрделілігінің оң индексіне ие. Ірімшіктер мен сүзбе, нан және ұн өнімдері, көкөністер, зәйтүн майы, жарма, ұн және т.б. сияқты күнделікті өнімдердің күрделілік индексі төмен болады, яғни олардың өндірісі жоғары технологиялық күш-жігерді талап етпейді және осы ауыл шаруашылығы өнімдерін көптеген елдер шығарады. Одан әрі қайта өңделген өнім экспортының көлемін ғана емес, сондай-ақ өндірістік базаны технологиялық жақсартуды негізге ала отырып, тауар позицияларының әр алуандығын  кеңейтуді қажет етеді.
 16 сурет. Өнімнің күрделілігі индексі
   
Мультипликативті әсер
Мультипликатор коэффициенті шығарылым бойынша да, жалпы қосылған құн бойынша да салыстырмалы орташа коэффициентпен сипатталады:  ауыл шаруашылығындағы 1 теңге  қосымша шығару экономикада 0,58 теңгеге сұраныс тудырады., ал 1 тг. қосымша ЖҚҚ-0,62 тг. Екі көрсеткіш бойынша балық аулау саласының коэффициенті барлық секторлар арасында ең төмен болып табылады.
17 сурет. (1) шығарылым және (2) ЖҚҚ бойынша І типті мультипликатор
   
Қорытынды:
Сауда тұрғысынан, аулы шаруашылығы келесі себептерге байланысты экономика драйвері бола алмайды:
    Ішкі экономика саласындағы орташа өсу ырғағы
Сала макроаймақ елдері мен басқа да дамыған мемлекеттермен салыстырғанда жылдам артып келе жатқанына қарамастан, ауыл шаруашылығының ЖҚҚ өсу қарқыны Қазақстандағы барлық салалар арасында 9-орында тұр
    Ауыл шаруашылық өнімдерінің төмен технологиялық күрделілігі
Экспортқа шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің басым бөлігі өнімнің күрделілігінің төмен индексімен сипатталады
    Саладағы шығарылым және ЖҚҚ орташа мультипликативті әсері
Қосымша 1 тг ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару салаларға қарағанда біршама аз болғанда 0,58 теңгеге ғана сұраныс қалыптастырады.
Алайда, саланың сауда әлеуетін кеңейтудің мүмкіндіктері да бар, себебі Қазақстанның аграрлық секторының өсу қарқыны орташа әлемдік көрсеткіштен 32% артық болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Инвестициялар


Ауыл шаруашылығы "экономиканың драйвері" болып есептелуі үшін сала ішкі және сыртқы инвестициялық көздер үшін тартымды болуы керек.
Ауыл шаруашылығының басты капиталына инвестициялар 365 млрд теңгені құрайды. 2018 жылы инвестиция көлемі бойынша ауыл шаруашылығына салым өнеркәсіпке, көлік пен қоймалауға және жылжымайтын мүлікпен операцияларға жол береді. 16 жыл ішінде ауыл шаруашылығына инвестициялар 7,4 есеге артты. Осы тұрғыда инвестициялар үлесінің тұрақты үрдісі жоқ. Орташа жылдық өсу ырғағы 15,5% құрайды.
18 сурет. 2018 ж. пайдалану бағыттары бойынша инвестициялар (млрд тг.) 2018 ж. нақты бағалармен ауыл шаруашылығына инвестициялар
 
Ауыл шаруашылығы басқа салалармен салыстырғанда инвестициялардың өсуінің жоғары қарқынымен сипатталады. Егер инвестициялардың жалпы көлемі бойынша аграрлық сектор 4 орында болса, онда өсу ырғағының көрсеткіші бойынша сала тек жайғастыру және тамақтану және басқа да түрлерден кейігі 3 орында болады.
19 сурет. 2018 ж. нақты бағамен негізгі капиталға инвестицияның 2010-2018 орташа жылдық өсу ырғағы
 
Қаржыландыру көздерінің арасында жеке меншік қаражат инвестицияның 75,7% құрайды. Банктердің кредиттері 12,4%, басқа қарыз қаражаттары 11,9%  құрап отыр.
Қызметтерді мақсатты бөлуді неғұрлым жан-жақты қарастыру барысында өсімдік шаруашылығына инвестициялар көлемі мал шаруашылығына инвестицияланған қаражаттан 1,7 есе артық екенін байқауға болады. Өсімдік шаруашылығына инвестициялар 216 млрд теңгені құрайды. немесе 59,2%, мал шаруашылығы – 125 млрд теңге. балық аулау және балық өсіру – барлығы 465 млн теңге немесе 0,1%.
20 сурет. 2018 ж. ауыл шаруашылығына инвестициялардың жіктелуі, млн тг.
 
Негізгі капиталдың жалпы жинақталуы (НКЖЖ) алдағы уақытта  оларды өндірісте пайдалану жолымен жаңа табыс жасау үшін негізгі капитал объектілеріне резиденттік бірліктердің қаражат салуын білдіреді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында аталған көрсеткіші 2016 жылы 2,5%  құрап отыр.  Елдегі ауыл шаруашылығы халық санының жалпы үрдісі тұрақты (2010-2016 жж.). Ең жоғары ауытқулар (Қазақстанда да, қарастырылып отырған 11 мемлекетте де) + / - 0,8 п. т. деңгейінде болып отыр.
21 сурет. 2016 ж. ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталдың жалпы жинақталуы, %
 
Егер шетелдік инвестициялардың түсімінің (ШИТ) көлемін қарастыратын болсақ, экономикадағы тартымдылығы ең төмен сектор ауыл шаруашылық болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 10 млн. АҚШ доллары тартылған. Тау-кен және өңдеу өнеркәсібіндегі біршама айырмашылықтарынан басқа,  аграрлық сектордағы саудаға салынған инвестициялар салымнан 300 есе артық.
22 сурет. 2019 ж. шетелдік инвестициялар салымы, млн АҚШ долл.
 
Ауыл шаруашылығына ШИТ төмен деңгейінен басқа, инвестициялар көлемінде біршама  теріс үрдіс байқалады. 71,8 млн. АҚШ долларын құрайтын ең жоғары көрсеткіштен кейін  4 жыл ішінде инвестициялар 7 еседен артық азайды.
23  сурет. Ауыл шаруашылығына шетелдік инвестициялардың тартылуы, млн АҚШ долл.
 
Қазақстанның аграрлық секторына ШИТ төмен деңгейі  басқа мемлекеттермен салыстырғанда біршама айқын байқалады. ФАО деректеріне сәйкес, 2010-2017 жылдар аралығында шетелдік инвестициялар көлемі 12-403 мың АҚШ долл. көлемінде өзгерген. АҚШ 297-1422 мың, Аргентинада 388-685 мың, Қытайда 704-1700 мың және Бразилияда 834 мың. Қазақстан секілді ШИТ арқылы ауыл шаруашылығын қолдаудың әлемдік деңгейі де жылдан жылға біршама өзгешеленіп отыр.

Қорытынды:
Инвестиция тұрғысынан, ауыл шаруашылығы келесі себептерге байланысты экономика драйвері бола алмайды:
    Негізгі капиталға инвестицияның орташа көлемі
Орташа жылдық өсу ырғағының біршама болуына қарамастан, топ-3 саламен біршама жоғары айырмашылық сақталып отыр;
    Шетелдік инвестиция салымының төмен деңгейі
2015 жылдан бастап инвестициялар көлемінің біртіндеп төмендеуі жағдайында ауыл шаруашылығы шетелдік инвестицияларды тарту үшін біршама тартымды сектор болып табылады.

Экономикалық беріліс

Сектордың экономикалық берілісінің тиімділігін талдау мақсатында саланы мемлекеттік қаржыландыру деңгейін және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден түсетін салық түсімдерінің көлемін қарастыру ұсынылады.
Мемлекеттік қолдау
ЭЫДҰ Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды бағалау бойынша  әдістемесіне  сәйкес фермерлерді (PSE) өндірушілердің жалпы кірістерінен пайыздық қатынаста қолдау болып табылады. Бұл қаржы шарасы ауыл шаруашылығымен айналысатын өндірушілер мен басқа салаларда жұмыс жасаушылар арасындағы сектораралық алшақтықты азайтуға бағытталады.
Қазақстанда қолдау деңгейі 5,7% құрады, бұл салыстырмалы түрде орташа көрсеткіш болып табылады. Мысалы, көмек деңгейі Ресейде 13,2%, Канадада – 8,8% құрайды. Сонымен қатар, фермерлерге мемлекеттік қолдаудың төмендігі көрсеткіші Бразилияда – 1,5%, Жаңа Зеландияда – 0,5%. Көрсеткіштің орташа болуына қарамастан, ЭЫДҰ әдістемесін бағалау бойынша Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау деңгейі өте тұрақсыз. Қазақстандағы өндірушілердің жалпы кірістерінен мемлекеттік қолдаудың ең көп үлесі 1998 жылы 1/4 бөлігінен астамды құрады, ал соңғы жылдары қолдау деңгейі айтарлықтай төмендеді. Ауытқулар нарықтық экономиканы қолдаудың өзгерістерімен (өсімдік шаруашылығының экспорттық өнімінің теріс бағалық трансферті және мал шаруашылығы импортын бағалық қолдау арқылы) және бюджеттік трансферттердің кейінгі әсерімен байланысты болып отыр.
24 сурет. Қазақстандық фермерлерді қолдау (PSE), өндірушілердің жалпы кірісінен %
 

Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, ауыл шаруашылығына (оған  қоса ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары) мемлекеттік бюджеттің шығындары 583 млрд теңгені  немесе 4,3% құрап отыр. Соңғы 9 жылда аграрлық секторға жұмсалған шығындардың үлесі 5%  аспайды. ФАО мәліметтеріне сәйкес кірістердің жоғары деңгейі бар Еуропаның дамыған елдері ауыл шаруашылығына арналған бюджет шығындарының ең аз үлесі – 1%  төмен болады.


25 сурет. 2019 ж. мемлекеттік бюджет шығындарының жіктелуі, млрд тг.
 
Тұрақты даму мақсаттарының индикаторларының бірі ретінде ауыл шаруашылығына (АШБИ) бағдарлану индексін ескеру қабылданды. Индекс аграрлық сектордың екі көрсеткішінің арақатынасына сүйене отырып есептеледі: мемлекеттік бюджеттен шығын үлесі (4,4%) және ЖІӨ-дегі салым үлесі (4,3%). Қазақстан үшін индекс коэффициенті 0,9 құрайды, бұл ауыл шаруашылығына салыстырмалы түрде үлкен бағдарлануы/басымдылығын білдіреді. Біздің еліміз жағдайында экономикалық беріліс 1:1 қатынасында шығындарды толығымен көрсетеді.
Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) сыныптамасына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары үш топқа жүктеледі – жасыл, сары (кәріптас түсті) және көк (көгілдір себет). Жасыл себет өндірісті ұлғайтуға және сауданы шектеуге тікелей ықпалын тигізбейтін шараларды қамтиды, мысалы, табиғи апаттардан болған шығындарды өтеу, ветеринарияны дамыту, сақтандыру, кадрлар даярлау, ғылыми-зерттеу әзірлемелері және т. б. Сары себет ауыл шаруашылығы өндірісін ынталандыратын және өнімді интервенциялық сатып алуды, субсидиялар мен өтемақыларды төлеуді, түрлі жеңілдіктерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасына тікелей әсер ететін шаралармен ұсынылған. Көк себет қандай да бір нысанда өндірісті шектеуге бағытталған шараларды қамтиды. Аграрлық секторды тұрақты дамыту мақсатында жасыл себеттің шаралары неғұрлым тиімді болып есептеледі.
2019 жылы Мемлекеттік бағдарламалар бөлінісінде ауыл шаруашылығы министрлігінің шығыстары туралы мәліметтерде 421 млрд теңгеге бюджетті бөлу туралы деректер ұсынылды. АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасына жұмсалған шығындар 295 млрд теңгені құрайды (70%), өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы – 78 млрд теңге (19%) және 48 млрд тг (11%) бағдарламалық құжаттардан тыс өзге шығыстарға. ДСҰ мемлекеттік қолдау шараларының жіктемесін ескере отырып, Қазақстанның ауыл шаруашылығының мемлекеттік бюджетін бөлу басым түрде "сары себеттегі" тиімділігі төмен шаралардан тұрады. Субсидия АШМ барлық шығындарының 56%  немесе 165 млрд теңгені құрайды. Жасыл себеттің ұзақ мерзімді шаралары барлығы 32 млрд теңгені немесе 8% құрайды. АӨК бағдарламасының негізгі бағыты ретінде аграрлық секторды қарқынын арттыру "жасыл себетті" мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге бағытталуы керек.
26 сурет.  2019 ж. Ауыл шаруашылығы министрлігінің шығындарының жіктелуі

Салықтық түсімдер
Ауыл шаруашылығындағы салық салу жүйесі ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге салықтық жүктемені максималды төмендету үшін бағытталған: ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің үш түрі үшін арнайы  салықтық режимі және жалпы белгіленген салық салу режимінде үш түрлі жеңілдік. Жеңілдіктер ҚҚС сомасын азайтуды, ерекше есептеу тәртібін және салықтық міндеттемелерді 30% мөлшерінде төлеуді және әлеуметтік салық мөлшерлемесін төмендетуді т.б. қамтиды.
27 сурет. Ауыл шаруашылығындағы салық салу жүйесі
 

Салықтық жүктеменің төмен болуы салдарынан және аграрлық секторды біршама қаржылық қолдауға қарамастан салықтарды төлеу түріндегі беріліс шығынның 11% құрайды. Ауыл шаруашылығын дамыту аясында мемлекеттік бағдарламаларға бюджеті 421 млрд теңге болған жағдайда, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің салықтық түсімдері небары 45,7 млрд тг құрайды . Шағын кәсіпорындардың үлесіне (50 адамға дейін) салықтардың 45%, орташа кәсіпорындарға (250 адамға дейін) 29% және ірі кәсіпорындарға (250 адамнан артық) 26% тиесілі болады.


28 сурет. Қызмет түрлері бойынша ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің салықтық түсімдерінің жіктелуі, %
 
Қорытынды:
Экономикалық беріліс тұрғысынан келесі себептерге байланысты ауыл шаруашылығы экономика драйвері болмайды:
    Өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың тұрақты деңгейінің болмауы
Нарықтық экономиканы және бюджеттік трансферттерді қолдау көлемінің жиі ауысуы;
    Мемлекеттік қолдау шараларының жеткілікті тиімді бөлінбеуі
Бюджеттің біршама үлесі субсидияларды беруге шоғырландырылған;
    Салықтық түсімдердің төмен көлемі
Мемлекеттік қаржыландыру деңгейімен салыстырғанда төмен беріліс.

«Экономика драйверінің»
сипаттамалары

Саланың тиімділігінің басты көрсеткіштеріне қатысты еңбек өнімділігі мен еңбек ақының біршама жоғарылауы қажет. Соның салдарынан аграрлық секторда жұмыспен қамтылғандар санының айтарлықтай төмендеуі қажет болады. Келесі жағдайларды болжайтын болсақ …
    ауыл шаруашылығындағы еңбек ақы елдегі орташа еңбек ақыға тең (90 мың теңгенің орнына 160 мың теңге)
    және жалпы қосылған құнынан (26,1%) еңбек ақы төлеміне ақшалай шығындар деңгейі және жалпы шығарылымдағы аграрлық сектордың ЖҚҚ үлесі сақталатын болады (56%) …
… бұл жағдайда, ауыл шаруашылығының шығарылымы 16,1 трлн теңгені құрауы керек. Салыстырмалы түрде, шикі мұнай мен мұнайды өңдеу өнімдерінің жиынтық шығарылымы 14,3 трлн теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығының шығарылымы қазір небары – 5,1 млрд тг.

Бұрын айтып кеткеніміздей, ауыл шаруашылығына бағдарлану индексі (АШБИ) Қазақстан үшін 0,9 құрайды. Алайда, көптеген мемлекеттерде бұл индекс 0,5 тең, ал дүние жүзі бойынша орташа көрсеткіш 0,26 құрап отыр.Бұл жағдайда, егер Қазақстанның аграрлық секторы экономикалық берілістің осындай жоғары деңгейін өндіретін болса, онда ЖІӨ үлесі сәйкесінше, 8,6% немесе 16,5% құрайды.
Егер қолданыстағы еңбек өнімділігі 5,6 мың АҚШ долл.болған жағдайда макроөңір елдерінің бенчмарктерінің біріне бағдарланатын болсақ, өзге  мемлекеттердегі  өнімділік одан да жоғары мәнге ие болғандықтан, осы мақсатты Беларусьтың (12,2 мың) көрсеткішімен салыстыруға болады. Осылайша, келесі жағдайларды ескеретін болсақ …
    Қазақстандағы еңбек өнімділігі 2,2 есе артық болар еді
    жалпы қосылған құн көлемі сақталады …
… бұл жағдайда аграрлық сектордағы жұмыспен қамту 7,3% құрауы керек. Қазіргі уақытта жұмыспен қамту 13,5% немесе 17,7% (ЖҚШ ескергенде) құрап отыр. Қарапайым сұрақ қою керек: ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтудың 2 есеге қысқарту мүмкін бе? Бұл 600 мыңнан астам адам.
Қосымша өңделген өнімдердің экспортын 34% орнына кем дегенде 50% дейін арттыру мақсатында технологиялық өндірістік базаны дамыту қажет. Өнім шығару көлемін арттыру үшін өндіріс қарқынын жоғарылату біршама ішкі және шетелдік инвестицияны талап етеді.

Қорытынды:
Осыған дейін талдау жасалған «экономика драйвері» дефинициясы – «жұмыс орындарының, сауда және инвестицияның өсуіне мүмкіндік бере отырып, жергілікті экономиканы ынталандыратын экономикалық белсенділіктің қозғаушы күші». Талдау нәтижелері бойынша қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын «экономика драйвері» деп атау қиын деген қорытынды жасауға болады, оның себебі қажетті сипаттамаларға сәйкессіздік болып табылады: қолданыстағы көрсеткіштер 2-3 есе артық болуы керек.
Тіпті аграрлық сектор драйвер болмаса да, ауыл шаруашылығы біршама тұрақты қарқынмен дамып келе жатқан экономиканың ажырамас бөлігі болып табылады.
Келесі мақалада азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан ауыл шаруашылығының даму жағдайы қарастырылатын болады.

 

 

Сілтемелер:  
Деректер – Дүниежүзілік еңбек ұйымы, Дүниежүзілік банк, ДСҰ, Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Статистика комитеті, ЭСДҰ, ФАО, Электронды еңбек биржасы Enbek.kz, Atlas of Economic Complexity, Our World in Data
Мұқаба –Pexels.com веб-сайты
Біздің сайттағы мақала –  https://crcons.com/rus/agriculture_in_Kazakhstan_2
Мақаланың бірінші бөлімі –  https://crcons.com/rus/agriculture_in_Kazakhstan_1

мақаламен
бөлісу

барлығын көрү

Талдау

толығырақ

Блогтар

толығырақ

Жаңалықтар

толығырақ
site