қаз

блогтар

КӘСІПОРЫН ≠ САЛА

22 сәуір 2021

site

Айгерим Кушумбаева

Консультант

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

Мемлекеттердің стратегиялық күн тәртібінде «басым» салалық бастамалар, мысалы, агроөнеркәсіптік кешенді, туризмді немесе мұнай химиясын дамыту жиі кездеседі. ЖҚҚ, экспорт, өнімділік және т. б. салалық индикаторлар бойынша болжамды үміттер артып отыр.

Мақсатты айқындау сала бар немесе болады деген болжамға негізделеді. Дегенмен, көп жағдайда, бұл түп-тамырымен қоса  адасу болып табылады.

 

Сала-бұл  БІР ТИПТІ технологияларды пайдалану арқылы, БІРТЕКТІ немесе арнайы өнімді шығаратын, өндіретін немесе жеткізетін кәсіпорындардың ЖИЫНТЫҒЫ. Жетілмеген экономикаларда жекелеген кәсіпорындар «салалардың» көлеңкесінде қала береді. Бұл «орташа» салалық көрсеткіштердің болуы туралы қате болжамға, сонымен қатар, салалық мәселелерді кәсіпорынның ішкі мәселелерімен айырбастауға алып келеді.

 

Қазақстанға қатысты айтатын болсақ, тіпті үстірт талдаудың өзі бірқатар салаларда көрсеткіштер жиынтық түрде  емес, қалыптасқан бір немесе бірнеше кәсіпорындардың жағдайын көрсететінін байқауға болады. Көп жағдайда аталған кәсіпорындар экзогенді жағдайда, кеңестік дәуірде қалыптасқан немесе кездейсоқ кәсіпкерлік таланттың мысалдары болуына байланысты ерекшеленеді. Мысалы, автоөнеркәсіп, электроника, мұнай өңдеу, фармацевтика және темекі өнімдерінің салық түсімдерінің 50% артық мөлшері аталған салаларда жұмыс жасайтын 1-2 кәсіпорынның үлесіне келеді, бұл макрокөрсеткіштері негізінде жасалған қате тұжырымдарды байқатады.

 

Бұдан басқа, классикалық «industry»  ерекшелігі, Қазақстанда «салалар» деп сапа мен баға ауқымын ескермегенде түрлі технологиялық құрамдауыштарды, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тұтас палитрасын түсінеді. Мысалы, Hyundai Accent және Cadillac Escalade автомобильдері әртүрлі тұтынушыларды таргеттейтін босла, ал кинотеатр мен мейрамхана ЭҚНК әр түрді болуына қарамастан,  бір тұтынушыға бағытталады.

 

Осының салдарынан «саланы» қолдау бойынша мемлекеттік саясат жекелеген кәсіпорынның нақты және тәуекелді қолдауына айналады. Осындай модельде қалыптасқан қатысушылар үшін нарықтық емес жағдайлар жаңа және тиімді иелердің пайда болуына жол бермей, «саланы» жойып жіберуі мүмкін. Кризистік масса жиналмайды, сол себепті сала жетілмеген қалпында қалады.

 

Мұндай жолды сапалы әртараптандыру деп атауға бола ма?

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

барлығын көрү

Талдау

толығырақ

Блогтар

толығырақ

Жаңалықтар

толығырақ
site