қаз

блогтар

ТЖҚ арналған 10 сотық: панацея немесе утопия. Атырау қаласының кейсі

2 сәуір 2021

site

Нурбек Есетов

Автор

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

Халық санының артуына байланысты қалалардың өсуі басым түрде қала аумағының кеңеюімен және әртүрлі құрылыстарға арналған жаңа аумақтардың дамуымен қатар жүреді. Сонымен қатар, билік жаңа аумақтарды дамытуға әр түрлі көзқараспен қарайды: өнеркәсіптік өндірістерді, қоймаларды, ірі сауда орындарын орталықтан көшіру, жаңа шағын аудандар салу, жеке даму үшін жер телімін бөлу.

Қазақстанда Жер кодексіне сәйкес әрбір азамат бір рет жеке тұрғын үй құрылысы үшін (ЖТҚ) 10 сотық жер телімін алуға құқылы болып табылады. 1,5 миллионнан астам қазақстандық осындай жерді алу үшін кезекте тұр. Барлық облыстардың арасында Батыс өңірлер айрықша көзге түседі, мұнда орта есеппен әрбір 5 тұрғын тегін учаскелерге үміткер болады (оңтүстік өңірлерде орта есеппен әрбір 12 тұрғын, Солтүстік және шығыс облыстарда – әрбір 31 тұрғын).

Жер телімін беру кезінде әкімдіктер, ең кемі, алаңдарды сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етуі тиіс. Максимум ретінде- сапалы жолдар, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық көлік, жылдамдығы жоғары интернет, қоғамдық кеңістіктер өмірдің барлық заманауи стандарттарына сәйкес келуі керек.

Дегенмен де, кезектер өте баяу жылжиды, жақын болашақта барлығын 10 сотық жермен қамтамасыз ету екіталай. Сондай-ақ, жер телімдерін кезектен тыс заңсыз беру, одан әрі сату үшін жер телімдерін алу жағдайлары да орын алған; телімдерді бөлу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары болып отыр. Сонымен қатар, бірінші кезекте қазақстандықтарға жеке тұрғын үй алуға көмектесуге арналған бұл шараның қала айналасындағы өсім (urban sprawl) деп аталатын теріс жағы да бар екенін ұмытпау керек.

Осындай құбылысқа әлемнің көптеген қалаларында орын алған, ол уақытта қалалардың айналасындағы бос жерлер халықтың тығыздығы төмен тұрғын аудандармен қоныстандырылған. Ол өткен ғасырдың басында еуропалық қалалардың айналасында (Париж және Лондон) байқала бастады, алайда соғыстан кейінгі жылдары АҚШ америкалықтардың орта таптары ірі қалалардың маңына қоныс аудара бастаған кезде айқын көрінді (1 сурет). Аз дамыған және кедей мемлекеттерде осындай құрылыстар хаосты және заңсыз сипатта болды.

Қала маңындағы ұлғаюдың белгілері:
1) бір отбасына жеке үй иеліктерінің басым болуымен аумақтың квадратына халықтың тығыздығы өте төмен.
2) Аз қашықтыққа сапарлар үшін автокөлікке тәуелділік: тұйық көше торының болуы қоғамдық көліктің маршруттық торын тиімді қалыптастыруға мүмкіндік бермейді.
3) аумақтардың секіртпелі өте  әркелкі дамуы: қала орталығынан қашықта, қолданыстағы құрылыстарға іргелес жатпаған аумақтарды игеру артықшылығы.
4) «Таспа тәрізді» игеру: қала орталығынан қолданыстағы тас жолдар мен жолдарды бойлай салу.
5) қалалық және ауылдық аудандар арасындағы шекаралардың жойылып кетуі: а/ш жерлері мен бос кеңістіктер қиылысқан аумақтар.

Зерттеушілер қала маңындағы өсімнің Халық денсаулығы мен экологияға бірқатар жағымсыз салдары бар екенін атап көрсеткен (автомобиль шығарындыларының мөлшерінің артуы, топырақтың тозуы, ағаштардың кесілуі, жабайы жануарлардың тіршілік ортасының жойылуы, су басқан аумақтардың ұлғаюы және т. б.)

Сонымен қатар,  қалалардың әлеуметтік – экономикалық аспектілеріне теріс ықпалын тигізеді:

  • қоғамдық игіліктер беруге бөлінетін бюджет шығындарының ұлғаюы (инфрақұрылым (жолдар, электрмен қамту, сумен қамту және су бұру) - елде қабылданған «адамдар инфрақұрылымға» ұстанымына қайшы келеді, қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету, көшелерді тазалау және ТҚҚ жинау, базалық медициналық және білім беру қызметтері, қоғамдық қауіпсіздік);
    • кәсіпкерлік тартымдылықтың және белсенділіктің төмендігі;
    • әлеуметтік біртұтастықтың (social cohesion) төмендеуі және әлеуметтік теңсіздіктің жоғарылауы;
    • қала маңындағы аудандардың эстетикалық көрісінің нашарлауы, құрылыстың хаостық сипатта салынуы және көше торларының сәтсіз жоспарлануы, дегенмен де кейбір зерттеушілер эстетикалық талап пен талғам субъективті ұғым екенін айтады.

2013 жылы қабылданған аумақты ұйымдастырудың бас сызбанұсқасы республика халқының макро деңгейде қай жерге және қалай қоныстанатынын анықтап қана қоймай, қалалардағы қала құрылысы саясатының негізгі бағыттарын айқындады. Құжат дайындаушылар қала маңындағы аймақтардың қадағалаусыз ұлғаюы қалалардың инфрақұрылымына жүктеменің артуына, экологиялық, көлік жағдайларының нашарлауына алып келетінін айтуда. Жеке құрылысқа арналған учаскелерді игеру арқылы қала маңының ұлғаюы Оңтүстіктің ірі қалаларында (Алматы, Шымкент, Тараз, Түркістан), Астанада және Қазақстанның батысында  (Ақтөбе, Атырау, Ақтау) басым түрде байқалады.

Атырау облысында 119 мың адам кезекте тұрса, оның ішінде қаланың өзінде – 89 мың адам. Атырау қаласында жеке тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуы 2006-2010 жылдары орын алған, осы уақыт аралығында 18 мыңнан астам үй, ал кейінгі 10 жылда 11,5 мыңнан астам жеке меншік үй пайдалануға берілді. Қала маңында жаңа тұрғын алаптары (Самал, Жұлдыз, Бірлік, Өркен, Көкарна және т.б.) пайда болды немесе бұрын қолданыста болған кенттер мен ауылдар (Геолог, Жаңаталап, Еркінқала, Ақжар, Ақсай және т. б.) кеңейді. Қаланың бас жоспарына (2014 ж.) және жан-жақты жоспарлау жобаларына сәйкес қала шекарасын кеңейту жеке құрылыс салу негізінен солтүстікке қарай (Талкайран ауылы ) және оңтүстікке қарай (Жаңаталап ауылы) жалғасады (2 сурет).

Картографиялық сервистерге контент-талдау жүргізу Атырау маңындағы қазіргі тұрғын үй массивтерінің қала маңындағы ұлғаюдың барлық сипаттына ие болып отырғанын көрсетеді (3 сурет) және  құрылыс салу бойынша жоспарларды одан әрі іске асыру кезінде қала маңындағы ұлғаю бұдан да күшейеді.

Қазіргі таңда қолданыстағы тұрғын үй массивтерінің тұрғындары бірқатар түйткілді мәселелермен бетпе-бет келген: асфальт салынған жолдар және тротуарлардың, жаяу жүруге жақын жерде  әлеуметтік объектілердің болмауы, кең жолақты интернетке қол жеткізу, орталықтандырылған кәріз, қала орталығымен көлік байланысының осалдығы. Атырау қаласы үшін ерекше гидрогеологиялық және табиғи-климаттық жағдайлар: сазды топырақтармен, жер асты суларының топырақ бетіне жақын орналасуымен, топырақтың тұздануымен, масалардың табиғи ошақтарының болуына байланысты ахуал шиелесіне түседі. Аталған аудандардың тұрғындары үшін лайықты өмір сүру сапасын қамтамасыз ету біршама бюджеттік шығындарды талап етеді.

 

Бұл жағжайда қала халқының тегін 10 сотық жерге сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында (кезек 89 мың адаммен шектелген жағдайда) инфрақұрылыммен (жолдар, әлеуметтік-тұрмыстық объектілер) қамтамасыз ету үшін қажетті жерлерді есепке алмағанда, 8,9 мың га жер бөлу қажет болады (салыстырмалы түрде, халық тығыз қоныстанған Манхэттен ауданы 5,9 мың га). Осылайша, аталған құрылыстың ауданы бірнеше есе артып, қаланың қазіргі ауданымен (45,9 мың га) салыстырылатын болады. Осындай сценарий утопия түрінде болады және жақын болашақта жергілікті әкімшілік барлық тілек білдірушілерді жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерімен қамтамасыз ете алмайды. Бұл жағдайда Атырау маңындағы жаңа аумақтарда құрылыс салу бойынша жоспарлар жер телімдеріне (тұрғын үйге) деген сұранысты жартылай ғана қанағаттандыратын болады.

Халықаралық тәжірибені талдау жеке құрылыс салуды ынталандырумен қатар тұрғын үй құрылысын ынталандырудың сан алуан механизмдері қолданылатынын көрсетіп отыр: қала аумақтарын аймақтарға бөлуді құрылыс салуды тығыздау және қарқындату (құрылыс салудың қабаттылығын арттыру) жағына қайта қарау, жалға берілетін және әлеуметтік тұрғын үйге инвестиция салу, ескі тұрғын үй қорын қайта жаңарту немесе бұзу, өнеркәсіптік аумақтарды қайта қалпына келтіру, қала орталығындағы жеке құрылысы бар учаскелерді сатып алу/алып қою. Мысалы, Атырау үшін басымдылық қаланың қазіргі шекараларын бұдан әрі кеңейтпестен әр түрлі қабатты кешенді құрылысқа беру болып табылады. Қаланың айналасына жасыл белдеу отырғызу қаланың аумағы артуына  физикалық кедергі келтіріп, экологиялық жағдайға оң ықпал етеді.

Жалпы алғанда, мемлекет деңгейінде ЖТҚ-ға арналған учаскелерді беру тәсілдерін, оның ішінде өңірге байланысты және табиғи-климаттық жағдайларды ескеріп, қайта қарастыру, сондай-ақ берілетін жер телімдерінің аумағын азайту мүмкіндігін қарастыру қажет.

ЖТҚ арналған жер телімдерін берудің қолданыстағы механизмі тұрғын үйдің қолжетімділігі мәселесінің шешімі ғана емес, ұзақ мерзімді перспективада қалалар мен оның тұрғындары үшін теріс салдарға алып келеді.

Дереккөздері:
Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас сызбанұсқасы (30.12.2013 ж.)
Атырау облысының геопорталы https://geo.eatyrau.kz/
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комиететі
 АҚШ өмір сүру сапасын жақсарту және қалпына келтіру: қала маңынан шет қалаларға дейін. https://urban.hse.ru/suburbanization
Brody, S. (2013) The Characteristics, Causes, and Consequences of Sprawling Development Patterns in the United States. Nature Education Knowledge 4(5):2
Bruegmann, R. (2015) Urban Sprawl. International Encyclopedia of the Social & Behavioral Sciences, 934-939

 

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

барлығын көрү

Талдау

толығырақ

Блогтар

толығырақ

Жаңалықтар

толығырақ
site