қаз

блогтар

Қазақстан- коллективистік мемлекет пе?

16 наурыз 2021

site

Жансая Канатова

Автор

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

Мәдениет-кез-келген қоғамның даму жылдамдығы және байлық деңгейі (1) секілді көптеген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге ықпалын тигізетін ажырамас бөлігі. Әрбір мемлекеттің (атап айтқанда, аймақтың) ерекше географиялық, тарихи және кейбір жағдайда кездейсоқ факторлардан құралатын және қоғамда белгілі бір мәдениетті қалыптастыратын  өзіне тән ерекше құндылықтар жинағы болады. Біздің болжамымыз тек елдер ғана емес, сонымен қатар, осы елдің ішіндегі аймақтар да мәдени белгілері бойынша ерекшеленуі мүмкін және мәселені толық түрде ұғыну үшін біз аймақтық деңгейде мәдени құндылықтарға талдау жүргіздік.

Нидерландиялық әлеуметтанушы Гирт Хофстеде мәдениеттің елден елге қатысты қалай өзгеретінін зерттеп, әртүрлі халықтардың мәдени сипаттамаларын анықтайтын көрсеткіштер жиынтығын ұсынған. Толығырақ сипаттаманы «Қоғамдағы «ойын ережелері» туралы 2 бөлім» мақаласынан оқыңыз  (https://crcons.com/rus/b20190717). Хофстеденің пікіріне сүйенсек, индивидуалистік қоғамдар адам құқықтарына (міндеттеріне емес), өзіне және жақын туыстарына қамқорлық жасауға, жеке автономия мен өзін-өзі  қалыптастыруына баса назар аударуға және жеке жетістіктеріне негізделеді. Коллективизм жағдайында  топқа тиістілік - бұл жеке басының негізгі  аспектісі және қоғамның мақсаттарын көрсететін жеке қасиеттер бағаланады, мысалы, ортақ игілік үшін өзін құрбан ету (4).

Әдеби шолу негізінде индивидуализм деңгейін есептеу әдістемесі әзірленген. Индекстің мәндері 0-1 дейінгі межелік бойынша бөлінеді, мұндағы 1 – индивидуализмнің ең жоғары деңгейі бар аймақ. Есептеулер World Values Survey және European Values Survey (мәдени құндылықтарға қатысты  155 мәселе бойынша әлемнің 79 мемлекеті) деректеріне негізделген.

Мемлекеттер деңгейінде индивидуализм индексі бойынша көш басында Жаңа Зеландия және Исландия (0.84), Швеция (0.83), Нидерланды (0.82), Австралия (0.79) және АҚШ (0,76) тұр. Батыс Еуропа, АҚШ, Канада және Австралия елдері индивидуалистік, ал Шығыс Азия, араб мемлекеттері және Африка елдері коллективистік елдер болып табылады.  Еуропаның бұрынғы социалистік елдерінде индивидуализм индексі орташа деңгейден төмен: 0.63 (Словения) - 0.44 (Болгария) екенін айта кету керек.

Қазақстан индивидуализм деңгейі 0.5 баллмен 53 орында тұр.


Әлемнің аймақтар тұрғысынан  қалыптасқан көрініс те кем түспейді, бір елдің шегіндегі аймақтардың көпшілігінде индивидуализмнің біртекті индексі байқалады. Бұл АҚШ (кейбір ерекшеліктерін ескермегенде), Австралия, Қытай сияқты үлкен елдерге де қатысты.

Қазақстан өңірлері айтарлықтай ерекшеленеді, индексі Батыс Қазақстан облысында 0.31 бастап Солтүстік Қазақстан облысында 0.81 дейін жетеді. Оның себебі іріктеудің жеткіліксіз болуы және аймақтардағы мәдени құндылықтардың нақты айырмашылығы болуы ықтимал.

Нәтижесінде Қазақстан орташа коллективистік мемлекет болып табылады. Бұл факторды халықаралық тәжірибеден өзекті саясатты таңдау барысында ескерген дұрыс. Сонымен қатар, ауқымды өңірлік зерттеулер жүргізу арқылы жан-жақты зерттеу  қажет ел өңірлері арасында біршама айырмашылықтар бар.

Сілтемелер
1.    Alesina, Alberto, and Paola Giuliano. «Culture and institutions.» Journal of Economic Literature 53.4 (2015): 898-944.
2.    EVS/WVS (2020). European Values Study and World Values Survey: Joint EVS/WVS 2017-2021 Dataset (Joint EVS/WVS). GESIS Data Archive, Cologne. ZA7505. Dataset Version 1.0.0, doi:10.4232/1.13095.
3.    Hofstede, G. (1991). Cultures and organizations: Software of the mind. London: McGraw-Hill.
4.    Oyserman, Daphna, Markus Kemmelmeier, and Heather M. Coon. «Cultural psychology, a new look: Reply to Bond (2002), Fiske (2002), Kitayama (2002), and Miller (2002).» (2002): 110.

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

барлығын көрү

Талдау

толығырақ

Блогтар

толығырақ

Жаңалықтар

толығырақ
site