қаз

блогтар

Заңға бағынатын азамат

11 марта 2021

site

Алдияр Ауезбек

Консультант

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

Қазақстанда пандемия алғаш басталғаннан бері бір жыл уақыт өтті. Коронавирустың таралуын азайту мақсатында көптеген мемлекеттерде халықтың күнделікті өмірін біршама шектейтін карантиндік шаралар қабылданды. Алайда,  олардың ұқсас болғанына қарамастан, азаматтар оларды  сақтауы сан түрлі болды.

Қазақстанда жаңалықтар платформалары кезекті тәртіп бұзушы мекеменің табылғаны туралы тақырыптарға толы болды, бұл азаматтардың заңға бағынБАУын көрсетеді  [1]. Біз ықтимал себептермен байланыс орнатуға тырысамыз.

 

ЭЖМ сәйкес факторлардың бірі мәдени аспектілер болуы мүмкін [2]. WVS нәтижелері қазақстандықтардың ұсақ құқық бұзушылықтарға тұрақты және оппортунистік мінез-құлыққа біршама бейім екенін көрсетеді [3]. Мысалы, сауалнама алынған 77 елдің ішінде біздің еліміз автобуста билетсіз жол жүруді ақтау бойынша 7 орында тұр. Осыған ұқсас индикаторда – салық төлеуден жалтаруды ақтау бойынша да  қазақстандықтар жоғары 10 орынға ие.

1 сурет. Автобустағы билетсіз жүрген жолаушыларды ақтау деңгейі (1-10-ақтаудың максималды деңгейі)

Солтүстік көршілермен (бұрынғы КСРО мемлекеттері) салыстырғанда Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге қоғамдық қысым жоғары. Хофстеденің айтуынша, қазақстандықтар-коллективистік қоғам. Сонымен қатар, WVS бойынша біздің елімізде дәстүрліліктің деңгейі жоғары  және туыстарымен және көршілерімен  - «жұртпен» әлеуметтік байланыс жоғары  [4].

Бұл тек «міндет» қана емес, өмір сүру жолы. Өңірдегі  халық  үшін той ойын-сауық пен әлеуметтенудің бірнеше тәсілдерінің бірі бола алады (социологиялық сауалнаманың нәтижелері).

Екінші фактор-мемлекетке деген сенім деңгейі. Заңға бағыну жұмыс жасап отырған ресми институттардан және заңдар мен олардың орындалуы үшін қисынды түсінуден туындайды деген болжам жасауға болады. Қазақстанда осыған байланысты мәселе -сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 94-орын болуы мүмкін (Transparency International, Corruption perception index 2020) [5]. Ф.Эберт қорының қолдауымен жүргізілген зерттеу бойынша,  мемлекеттік органдар арасында қазақстандықтар тікелей өзара әрекеттестікте болатындар -полицияға, соттарға және әкімдікке сенбейді.

Жаңалықтар мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан карантинді бұзу туралы толы болған жағдайда жаппай заңға бағыну қиынға соғады. «Оларға болғанда, бізге болмай ма?» деген заңды сұрақ туындайды.

Үшінші фактор-табыс деңгейі және оған байланысты халықтың басымдықтары. Локдаун халықтың бір бөлігін өмір сүретін кіріс көзінен айырды, олардың алдында ауру жұқтыру немесе табыстың болмауы/төмендеуі таңдауы тұрды. Ф.Эберт қорының зерттеуі сонымен қатар,  «гигиеналық» фактор – жалақы әлі де жұмыстың маңыздылығын айтарлықтай анықтайтындығын көрсетті. Осыған теңдес сауалнамалар да азаматтар үшін жұмыстың аса маңызды болып табылатындығын растайды.

Қазақстандықтар-заңға қатты  бағынатын азаматтар емес, оның объективті себептері де бар. Карантиндік шаралардың белгісіз ұзақ мерзімді салдары бар, тіпті бұған дейін заңға қасы келуден іргесін аулақ салған адамдарды да ұсақ құқық бұзушылыққа итермелейді. Қауіп біртіндеп бой үйретуге негізделеді -егер сіз тұрмыстық әдеттермен салыстырмалы түрде қарастырғанда, тұрақты мінез-құлықты дамыту үшін 2-3 ай жеткілікті.

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

барлығын көрү

Талдау

толығырақ

Блогтар

толығырақ

Жаңалықтар

толығырақ
site