қаз

Блогтар

Азық-түлік, шығындар және қауіпсіздік

3 желтоқсан 2020

site

Марта Толебаева

аналитик

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

Азық-түлік тауарларына арналған шығыстар үлесінің көрсеткіші азық-түлік қауіпсіздігінің басты индикаторларының бірі болып табылады. БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) сыныптамасына сәйкес, азық-түлік шығындары халықтың экономикалық төлем қабілеттілігінің деңгейін тікелей көрсеткіші болып табылады. Бірақ, аталған көрсеткіштің мониторингі азық-түлік қауіпсіздігі туралы Мемлекеттік саясат шеңберіндегі индикаторлардың бірі ретінде қарастырылмайды. Мерзімділігі жоғары жаңалықтар басылымдарының тақырыптары импортты алмастыру туралы ұрандарға толы, олар әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету туралы сөз етеді (Азық-түлік қауіпсіздігі және жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, Азық-түлік қауіпсіздігі: Қазақстан азық-түлікпен қаншалықты қамтамасыз етілген?, Тағам жетіспеушілігі күтіледі: Қазақстан өзін-өзі тойдыра ала ма?). Халықаралық әдістемеге сәйкес, азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін бағалау үшін тамақ өнімдеріне шығыстардың үлесі халықтың аз қамтамасыз етілген топтарындағы үй шаруашылықтарының сауалнама деректерін негізге алып есептеледі. Азық-түлік шығындары мен жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштерін салыстыру барысында Энгельдің 1857 жылы ұсынылған үй шаруашылықтарының шығындарындағы заңдылықтарын растайтын нақты кері байланысты байқауға болады. Оның мәні келесіде: адамдар барлық тұтыну шығындарынан азық-түлікке неғұрлым аз шығын жұмсаса, тұтынушылар кірісі соғүрлым жоғары болады. Бұл азық-түлікке сұраныстың кірістерге қатысты икемділігі салыстырмалы түрде төмен екенін көрсетеді. Осылайша, табысы төмен мемлекеттерде қаражаттың көп бөлігі азық-түлік сияқты «қажетті тауарларға» бағытталған. Сонымен қатар, бұл нәрлілігі аз және қол жетімділігі жоғары тағамдардан (макарон, жарма, картоп және т.б.) тұратын аз әртараптандырылған азық-түлік себетіне қатысты болып отыр. Дамыған мемлекеттерде азық-түлікке жалпы шығындар артып келеді, себебі, адамдар әр алуан, сапалы және сәйкесінше қымбат тағамдарды (балық, жемістер және т.б.) таңдайды. Дегенмен де, кірістер артқан сайын, тұтынудың жалпы құрылымында ойын-сауық, саяхат немесе жинақ жинау сияқты «сән-салтанат» санаттарының үлес салмағы да артады. 2018 жылғы жағдайға сүйенсек, Қазақстанның халқы азық-түлікке барлық шығындардың 45% жұмсайды, бұл аз дамыған елдердің көрсеткіші болып табылады. Тіпті көршілес мемлекеттермен салыстырғанда біршама айырмашылықтарды байқауға болады. Мысалы, Ресейде бұл көрсеткіш 28% болса, Беларусьте – 32%, Қытайда - 22% құрап отыр. Дамыған елдерде айырмашылық бұдан да зор контрастқа ие: Жаңа Зеландиядағы шығындар үлесі – 13%, Австралия мен Канадада – 9%, АҚШ -6%. 1 сурет. 2018 жылы Азық-түлік тауарлары мен жан басына шаққандағы ЖІӨ шығыстарын салыстыру Мемлекеттердің барлығы үшін азық-түлік шығындары туралы ең маңызды мәліметтер тек 2018 ж. жағдай бойынша ғана қол жетімді. Қазақстанның мемлекеттік саясатына қайта оралатын болсақ, қазіргі таңда, азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты барлық пікірталастар азық-түлік тәуелсіздігіне қол жеткізуге (әлеуметтік маңызы бар өнімдер бойынша отандық өндірістің 80% ) бағытталған, бұл азық-түлік қауіпсіздігі шеңберінен тыс жеке-дара тәуелсіз көрсеткіш болып табылады. Алайда, егер мемлекет шын мәнінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат ететін болса, мемлекеттің экономикасының жағдайын халықтың әл-ауқатының перспективасынан неғұрлым анық көрсететін 30 артық сан алуан көрсеткіштердің (азық-түліктің энергетикалық және тағамдық құндылығы, ішкі азық-түлік бағаларының индексі, өндірістің құнға шаққандағы көлемі, азық-түлік тапшылығының ауқымы, сумен қамдың жақсартылған көздеріне қолжетімділік және т.б.) жиынтығын ескеру қажет. Экономикалық дағдарыс және COVID-19 індетінің теріс салдарын ескере отырып, соңғы 9 айда халықтың төлем қабілеттілігі біршама төмендегенін байқап отырмыз. Осы көзқарас тұрғысынан, азық-түлік шығындарының үлесі отандық өндірісті өзін-өзі қамтамасыз етумен салыстырғанда азық-түлік қауіпсіздігі жағдайының жарқын мысалы болып табылады. Дереккөздер: Пертель (1975), Циммерман (1932), United States Department for Agriculture (USDA), Our World in Data, World Bank, Дүниежүзілік банк, БҰҰ Азық - түлік және ауылшаруашылық ұйымы

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

барлығын көрү

Талдау

толығырақ

Блогтар

толығырақ

Жаңалықтар

толығырақ
site