қаз

Блогтар

Ұлттық қордың экономиканы қаржыландырудағы рөлі

23 қараша 2020

site

Диляра Якупова

Аналитик

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

https://www.facebook.com/CenterResearchConsulting/posts/2880605598838459

Қордың ел экономикасын қаржыландырудағы рөлі ауқымды. Қорды пайдалану туралы талқылаулар басым түрде дағдарыс кезеңінде жүріп жатыр. Осы посттың мақсаты-ел экономикасын қаржыландыру үшін Қордан қаражаттың қалай және қайда бөлінетінін анықтау болып табылады. Мысалы, қор 2000 жылы бюджеттің дүние жүзілік бағалардың ауытқуларына тәуелділігін төмендету үшін (тұрақтандыру қызметі), сондай-ақ жинақтарды қалыптастыру үшін (жинақтау қызметі) құрылды. Тұрақтандыру қызметі шеңберінде республикалық бюджетке кепілді және нысаналы трансферттер бөлінеді. Кепілді трансферттің көлемі заңмен 3 жыл мерзімге, ал нысаналы трансферт Президенттің Жарлығымен белгіленеді. Кепілді трансферттердің көлемін* талдау, көлемдердің номиналды өсуіне қарамастан, олардың бюджет түсімдерінен үлесі шамамен 20-25% деңгейінде тұрақты қалып отырғанын көрсетеді. Алайда, алдағы уақытта осы үлесті 2023 жылға қарай 18% дейін қысқарту жоспарланған**. Нысаналы трансферт көлемі негізінен экономиканың «өрттерін сөндіруге» бағытталатынын, сондықтан көлемдер тұрақсыз, ал кейбір жылдары мүлдем бөлінбеуі ықтимал екенін айтып кету керек. Республикалық бюджетке берілетін трансферттерден басқа, Қазақстан экономикасын қаржыландыру да облигацияларды сатып алу арқылы жүзеге асырылды. Жинақ портфелінің үлестердің мақсатты стратегиялық жіктелуі: 60% - облигациялар, 30% - акциялар, 10% - алтын және балама құралдар***. Мысалы, ҚРҰБ Ұлттық қор қаражатынан ұлттық холдингтердің (Самұрық-Қазына, Бәйтерек және ҚазАгро) облигацияларын сатып алған. Олар өз кезегінде қаражатты еншілес ұйымдарына қайта бөлді. Холдингтерге бөлінген қаражат бекітілмеген және әр алуан болды. Осылайша, мемлекет Ұлттық қорды экономиканы тікелей республикалық бюджетке трансферттер арқылы қаржыландыру мақсатында қолданады, сонымен қатарт, ұлттық холдингтердің облигацияларын сатып алу жолымен қосалқы қаржыландырып отыр. * 10 жылдық кезең ішінде (2010-2019) ** 2021-2023 бюджет жобасына сәйкес *** «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына» сәйкес

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

https://www.facebook.com/CenterResearchConsulting/posts/2880605598838459

барлығын көрү

Талдау

толығырақ

Блогтар

толығырақ

Жаңалықтар

толығырақ
site