қаз

Блог

Қазақстандағы көші-қон

10 қазан 2020

site

Алдияр Ауезбек

Сарапшы

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

Халықтың көші-қоны - елдегі негізгі демографиялық процестердің бірі. Бірқатар посттарда біз негізгі бағыттар, белсенділік деңгейі және негізгі үрдістер тұрғысынан көші-қонның негізгі мәселелерін қарастыратын боламыз. Көші-қон әлеуметтік инфрақұрылым жүктемесіне және жұмыс орындарына деген сұранысқа әсер ете отырып, өңірлер мен қалалар халқының құрылымына әсер етеді. Көші-қон сонымен қатар әлеуметтік көңіл-күй мен үрдістердің көрсеткіші болып табылады, мысалы, аз қолайлы аумақтардан аса сапалы өмір сүру деңгейі және жоғары табысы бар аумақтарға, жұмыс тапшылығы бар өңірлерден қарқынды дамып келе жатқан өңірлерге көшу. Қалалар осы шарттарға бәрінен де көп сәйкес келеді, бұл урбандалудың жаһандық трендіне алып келеді.

Көші-қонның бірнеше бағыттары бар: өңірішілік, өңіраралық және сыртқы көші-қон (басқа елдерге). Әдіснамалық тұрғыдан көші-қон азаматтардың бір ауданнан, өңірден не елден екінші жерге көшуі кезінде тұрақты тұрғылықты жерінің өзгеруі арқылы есептеледі (бір аумақ шеңберінде орын ауыстырулар есепке алынбайды). Айта кету керек, бұл әдістеменің шектеулері бар, өйткені көшіп-қонушылардың бір бөлігі тұрақты тұрғылықты жерін өзгерту рәсімінен өтпеуі мүмкін («тіркелім»), бірақ уақытша тіркеліммен шектелуі мүмкін (немесе мүлдем ештеңе ұсынылмауы мүмкін). Алайда, ресми деректер көші-қонның жалпы трендтерін зерттеу үшін жеткілікті.

Одан әрі талдау үшін халықтың кету бағыты бойынша (барлық үш бағыт бойынша) 2000 жылдан басталатын кезең ескерілді. Көрсеткіштерді салыстыру үшін Түркістан және Шымкент қ. бойынша 2018-2019 жж. деректер бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысына қайта есептелді.

2000-2019 жж. аралығында шамамен 10 миллион адамдар эмигранттар болды. Көші-қон ағындарының жартысынан көбі өңірлер ішінде, 37% өңірлер арасында және 11% Қазақстаннан кету бағыты бойынша болды.

Динамикада тұрақсыз трендтер байқалады. Мысалы, 2000-шы жылдардың басында Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін азаматтардың этникалық отанына (Ресейге, Германияға және басқа елдерге) көшуі бойынша трендтің жалғасуымен сыртқы эмигранттардың жоғары үлесі байқалды. 2005 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде салыстырмалы түрде тұрақты тренд байқалады. Содан кейін, 2014 жылдан бастап өңірішілік орын ауыстырулардың саны күрт өсті, екінші орында өңіраралық орын ауыстырулардың саны өсті. Бұл факт бірнеше үрдістермен байланысты болуы мүмкін: осы кезеңдегі экономикалық дағдарыс (шикізат бағасының құлдырауынан, қоса ілекскен девальвациядан туындаған) және 2015-2017 жж. заңнамадағы өзгерістер есебінен жасанды өсу (тұрғылықты жері бойынша міндетті тіркеу, тіркеу процестерін жеңілдету және орындамағаны үшін әкімшілік жаза енгізу).

2019 жылы эмигранттардың негізгі үлесі бұрынғы ОҚО, Алматы облысы және  Нұр-Сұлтан және Алматы ққ. тиесілі болды (3 сурет). 2019 жылғы көші-қонды бағыттар бойынша талдау да барлық облыстардағы дерлік көші-қонның негізгі үлесі ішкі өңірлік көші-қонға тиесілі екенін көрсетеді, ал екінші орында - өңіраралық көші-қон (4 сурет). Дегенмен, айтарлықтай айырмашылықтар байқалады. Мәселен, Ақмола облысы үшін өңіраралық көші-қон негізгі бағыт болып табылады. Ресеймен шекаралас солтүстік облыстарда сыртқы көші-қон айтарлықтай үлеске ие (10%-дан астам).

2019 жылы көші-қон белсенділігі (1000 адамға шаққанда орын ауыстыру саны) өңірішілік көші-қон үшін 40,2, өңіраралық көші-қон үшін 19,8 және сыртқы көші-қон үшін 2,4 көрсеткішті құрады.

Өңірлер деңгейінде көші-қон белсенділігі (барлық ағындар бойынша) айтарлықтай ерекшеленеді. Мәселен, 2019 ж. Нұр-Сұлтан қ. тұрғындары көбіне «орнында отырмайды» (116,3), яғни іс жүзінде әрбір оныншы адам - ол эмигрант. Одан кейін бұрынғы ОҚО (71,0) және Алматы облысы (68,3), ең төменгі көші-қон белсенділігі Атырау (42,1) және Қарағанды облысында (47,2) байқалады.

Өңірлерден эмиграция тұрғысынан (басқа өңірлер мен елдерге бағыт бойынша) Нұр-Сұлтан қ. (47,1), Ақмола (40,1) және Алматы (32,1) облыстарының тұрғындары неғұрлым белсенді. Ең «өңірге байланғандар» - Ақтөбе (12,4), БҚО (12,5) және Маңғыстау облыстары (12,8) сияқты батыс өңірлердің тұрғындары.

Нәтижесінде, Қазақстанда халықтың көші-қоны соңғы жылдары, әсіресе өңірлер ішінде өсе бастағанын байқаймыз. Бұл процестер кезең-кезеңмен жүруі мүмкін, Қазақстанда бұл жол ауыл -> аудан орталығы -> облыс орталығы -> Алматы мен Нұр-Сұлтан ққ. сценарийі бойынша көрінуі мүмкін, және бұл Қазақстандағы урбанизация трендінің өзектілігін көрсетеді.

Келесі бөлікте интерактивті форматта өңіраралық және сыртқы көші-қон бағыттары зерттелетін болады (7 сурет және 8 сурет).

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

барлығын көрү

Талдау

толығырақ

Блогтар

толығырақ

Жаңалықтар

толығырақ
site