Блогтар
ҚАЗАҚТАР ЖӘНЕ ЛИБЕРАЛИЗМ
15 қыркүйек 2020
Куаныш Жаиков
серіктес
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
Қазақ үшін қазақша жазып көрейік. Кейбіреулерге қызықты болса, уақытымды жөн өткіздім.
Орта ғасырларда Еуразия кеңістігінде көшпелі империялар үстем болды. Содан кейін жағдай мүлдем өзгерді – Колумб теңіз жолдарын ашты, Англияда өнеркәсіптік революция болды. Еуропа жаңа орталыққа айналды. Ресей, Қытай (Цинь) және Осман империялары жартылай периферия мәртебесіне ие болды. Ал қазақтар – Еуразияның ортасында тіршілік еткен бұрынғы көшпенділер – алдағы 300 жылда әлемдік өркениеттің ПЕРИФЕРИЯСЫНДА қалып қойды.
Бізге адамзат тарихын өзгерткен барлық идеялар бұғатталды. Біз жартылай периферияда дамыған екінші деңгейлі өнімдерді тұтындық. Бұл әсіресе ИДЕОЛОГИЯҒА қатысты.
Біздің басқа әлеуметтік жүйеде өмір сүру тәжірибеміз жоқ. Ресей мен Түркияда болып жатқан әңгімелермен өмір сүреміз. Сондықтан, өмірімізді басқаратын үлкен «ойыншының» болуы әдетке айналған – МЕМЛЕКЕТ, ПАРТИЯ, АҚСҮЙЕКТЕК. Олар бізге қалай өмір сүру, не істеу керектігін үнемі айтып отырған.
***
Өткен ғасырда 3 үлкен идеологияның - социализм/коммунизм, консерватизм/фашизм және либерализмнің – соғысына куә болдық.
Кеңес өкіметінің қарамағында болып, әдет бойынша социализм/коммунизмды қолдадық. Ол кезде ұлт маңызды емес. Маңыздысы – ТАПТЫҚ БӨЛІНУ – бай/кедей, буржуа/жұмысшылар.
Мұны жою үшін экономика да, қоғамдық өмір де бюрократияның қатаң бақылауына алынады.
Осы себептен қазақтар туған жерінде ұлттық азшылыққа айналды.
Қазіргі уақытта көпшіліктің консерватизмге/жасырын фашизмге жаны ашиды. Мұнда, керісінше, ҰЛТТЫҢ маңызы зор. ТАПТЫҚ бөліну маңызды емес – байсыз ба, кедейсіз бе, кәсіпкерсіз бе, жұмысшысыз ба – бәрібір. Бастысы, сіз – қазақсыз.
Ол үшін бюрократия қоғамдық өмірді қатаң бақылайды, бірақ экономикада барлығына еркіндік береді.
Шыңысын айтқанда бұл екі идеологияның арасында үлкен АЙЫРМАШЫЛЫҚ ЖОҚ. Екеуінде де жеке адамға қарағанда ҰЖЫМ маңызды. Ұжымның тілегі БЮРОКРАТИЯМЕН шешіледі. Қалғандары бұл жарлықтарға БАҒЫНУ керек.
Либерализм туралы ешкім талқыламайды. Оны білмейді, оны түсінбейді.
Оның үстіне, ол соңғы 100 жылда әлем социалистерінің қысымымен қатты өзгерді.
***
Алайда, басында ЛИБЕРАЛИЗМ деген не болды?
Сіз Англосаксон әлемі мен Еуропаның бір-біріне ұқсамайтынын білесіз бе? Біз үшін олардың бәрі баяғы түрісі «ақ» бай елдер.
Либерализм Англосаксон әлемінде таралды – Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия. Мұның бәрі қазақтан өте алыс.
Бірақ, олардың ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ бізден алыс па?
Либерализм идеясы қарапайым – әркімнің ӨМІР СҮРУГЕ, БОСТАНДЫҚҚА және ЖЕКЕ МЕНШІККЕ құқығы бар.
1) ӘРКІМНІҢ. Сіз байсыз ба, кедейсіз бе, қазақсыз ба, қазақ емессіз бе, арғынсыз ба, шапыраштысыз ба, шенеуніксіз бе, жұмысшысыз ба – бәрі бұған кіреді. Туғаннан бастап.
2) ӨМІР СҮРУ ҚҰҚЫҒЫ. Біз мұны толық түсінеміз бе? Ешкімнің біреудің өмірін алуға немесе жарақаттауға құқығы жоқ. Себептері маңызды емес – «бұрыс қарады», «бұрыс айтты», «қанға қан», «не по понятиям» дегендей.
3) БОСТАНДЫҚ ҚҰҚЫҒЫ. Сізге қалай өмір сүру немесе не істеу керектігін ешкім айта алмайды. Қай жоғары күштерге сену, қайда бару, қайда жұмыс істеу, кімге үйлену, қай тілде сөйлеу. Ешкім бұл үшін сізді қорламайды. Кеңес заманы есіңізде ме?
4) ЖЕКЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ. Бұл үйіңіз немесе көлігіңіз ғана емес. Бұл сіздің табысыңыз, өз қолыңызбен, басыңызбен немесе талантыңызбен жасағаныңыз. Мұны сізден ешкім тартып ала алмайды. Салық, айыппұл, лицензия түрінде ала алмайды. Жасағаныңыз және тапқаныңыз – бәрі сіздікі.
Дегенмен сіздің де басқа адамдардың өміріне, бостандығына және жеке меншігіне қол сұғуға ҚҰҚЫҒЫҢЫЗ ЖОҚ. Әрине, сіз басқа адамдармен келісе аласыз, бірақ мәжбүрлеусіз.
Бір Аллаға сенгіңіз келсе, сеніңіз. Мешіт салғыңыз келсе – келісіп, салыңыз. Қазақша сөйлеп, Қайрат Нұртасты тыңдағыңыз келсе – сөйлеңіз, тындаңыз.
Бірақ басқа біреу мешітке бармаса, орысша сөйлесе және Скриптонитті тыңдайтын болса – ол да оның құқығы.
Сіз басқа адамдардан сізге көмек көрсетуге талап ете алмайсыз. Олар өз табысын немесе мүлкін сізге бөліге мәжбүр емес – кедей, көп балалы болсаңыз да, нашар аймақта тұрсаңыз да.
Бұл қарапайым құқықтарды социализм де, ұлтшылдар да ойлап тапқан жоқ. Бұларды либерализм ойлап тапқан.
Либерализм жағдайында МЕМЛЕКЕТТІҢ негізгі рөлі – осы құқықтарды ҚАТАҢ САҚТАУ.
Бұл – әділ СОТ жүйесі, тиімді ПОЛИЦИЯ және МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ қызмет.
Бұл – ШАҒЫН САЛЫҚТАР және шектеулі ережелер.
Бюрократия экономиканы басқармайды, қаражатты жинақтамайды, сондықтан КОРРУПЦИЯ АЗ – ұрлайтын еш нәрсе жоқ.
***
«ҚАЗАҚ» бастапқыда «ЕРКІН АДАМ» дегенді білдірді. «ЛИБЕРАЛИС» латын тілінен аударғанда «ЕРКІН» дегенді білдіреді.
Қалай ойлайсыз, егер қазақтар либерализмнің не екенін білсе, олар либералдарға айналар ма еді?
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
барлығын көрү