Блогтар
CRC блогтар: “Көлеңкелі” экономика: әлемдік тәжірибеден қандай сабақ алуға болады?
16 шілде 2020
Диляра Якупова
Сарапшы
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
“Көлеңкелі” экономика: әлемдік тәжірибеден қандай сабақ алуға болады?
Не себепті «көлеңкелі» (немесе бейресми) экономика мәселесі дәл осы уақытта өзекті болып отыр? COVID-19 экономиканың бейресми секторларында табыс тауып отырған миллиондаған адамдардың осал тұсын тағы бір мәрте ашып көрсетті. Бұл «көлеңкелі» экономика мәселесін дұрыс түсіну және таргеттеу қажеттілігін еске салады.
Дамушы мемлекеттердегі ЖІӨ үштен бір бөлігіне жуығы бейресми секторға тиесілі болып табылады. «Бейресмилік» ауыл шаруашылық секторы дамыған және білікті емес жұмыскерлердің үлесі жоғары болып табылатын, кірісі төмен мемлекеттерде неғұрлым кеңінен таралған.
Көлеңкелі экономика мәселесі Қазақстан үшін де біршама өзекті болып табылады. Статистика комитетінің деректеріне сәйкес ЖІӨ көлеңкелі экономиканың үлесі 27%* құрайды және жыл сайын тұрақты жоғары қалыпта қалып отыр.
Кейбір мемлекеттерде бейресми сектордың икемділігі және жұмыспен қамтылыуының артықшылығы байқалады, негізінен аталған сектордың дамуы біршама төмен өнімділікпен, салықтық түсімдердің кемуімен, сонымен қатар, кедейлік және теңсіздіктің артуымен арақатынастылықта болады.
Көптеген мемлекеттер «көлеңкемен» күресуге талпынуда. RNSF** ауқымды жобасы мемлекеттің бейресми экономикамен күрес бойынша саясаттарға ғаламдық шолу жасады. Олардың негізгі тұжырымдарының кейбіреулерін қарастыратын боламыз. Үкіметтің көлеңкелі белсенділікті таргеттейтін әр алуан тәсілдерді пайдаланғанына қарамастан, тәсілдердің негізгі үш тобын жіктеуге болады.
1) Бе йресми қызметке салық салу
Әрине, бейресми экономикаға салық салу мәселесі (оның ЖІӨ үлесінің жоғары болуына байланысты) – үкіметтердің басты «қамқорлықтарының» бірі болып табылады. Бұл қаншалықты қарама-қайшылықты болса да, сәйкесінше дұрыс қалыптасқан салық жүйесі қоғам мен мемлекет арасындағы әлеуметтік келісім-шартты қайта жаңғырту мен жаңартуға себеп болуы ықтимал. Сондықтан салық салуды ресурстарды азаматтардың пайдасына нақты және тиімді қайта бөлу (әлеуметтік қорғауға және мемлекет ұсынатын басқа да барлық қызметтерге қол жеткізу) механизмімен байланыстырудың маңызды болуының себебі осы. Бұл осал және маргиналды топтарды қайта кіріктіру үшін қуатты құрал болуы ықтимал, бұл олардың мемлекетке сенімін қалпына келтіруге бірегей мүмкіндік береді.
2) Баға қалыптастыру тізбегіндегі бейресми қызмет
Халықтың осал топтарына көмек көрсетуге бағытталған баға қалыптастыру тізбегіне араласу бейресми сектормен күрес механизмдерін шоғырландырады (әсіресе, ауыл шаруашылығы секторында). Мысалы, халықтың осы топтарының ұйымдары араласуды қажет етеді; әлеуметтік қорғауды қамтуға мүмкіндік береді, себебі, оларға кредиттерге, инновацияларға және басқа да «ресми» сектордың мүмкіндіктеріне қол жетімділік талап етіледі. Сонымен олар бейресми және ресми экономика арасындағы байланыстарды қалыптастыру және нығайту арқылы ауылдық аудандарды жандандырудың қуатты құралына айналатын болады.
3) Бе йресми экономикаға тәуелді адамдар ұйымдары
«Көлеңкедегі» жұмыскерлер шашыраңқы және саясаткерлердің көздеріне көрінбейтін болған жағдайда бейресми секторды түсіну және оған талдау жасау қиын болады. Бұл мәселеде бейресми жұмыскерлерді ұйымдастыру тұрғысынан ешбір әмбебап модель жарамды болмайды, себебі, жұмыскерлердің аталған тобы біршама әртараптандырылған, алайда, бұл кейбір мемлекеттер мысалында пайдалы болды:
- бейресми жұмыскерлерді нақты жұмыскерлер ретінде тану және растау үшін (еңбек қатынастарының әр алуан формалары және уағдаластықтарға қарамастан) саясаткерлердің ойлау қабілетін өзгерту;
- бейресми жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және дамыту мақсатында заңдар мен ережелерді өзгерту.
Соңында бейресми экономиканы қалыптастыруға біртіндеп жүзеге асырылатын процесс арқылы жетуге болады. «Көлеңкелі» сектор мәселесін еңсеру кешенді тәсілді және саясаттардың тұрақтандырылған үйлесімін талап ететінін айта кету керек, олар «көлеңкедегі» жұмыскерлердің өздерін және нақты бір мемлекеттердің ерекшеліктерін мұқият ескеруі тиісті болады.
* 2018 жылғы жағдай бойынша
** Research, Network & Support Facility жобасы, демеушілік етуші EU
Дерек көздері:
1) ҚР ҰЭМ СК;
2) Policies on the informal economy: A global review. 2018. RNSF;
3) Global Economic Prospects. Topical issue – informality. 2019. World Bank;
4) COVID-19 crisis and the informal economy. 2020. International Labour Organization.
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
барлығын көрү