Блогтар
Қазақстандық студенттер арасында қандай мамандықтар неғұрлым танымал?
14 шілде 2020
Куаныш Сайдуова
Сарапшы
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
Қазақстандық студенттер арасында қандай мамандықтар неғұрлым танымал?
Қазақстандық студенттердің арасында қандай мамандықтар бойынша білім алу көбірек сұранысқа ие? Қазақстандық студенттер қандай аймақтарда білім алуды қалайды? Жаңа оқу жылындағы қабылданған студенттердің түлектермен салыстырғанда талғамдары өзгерді ме?
Студенттерді қабылдау және оқу орындарын аяқтау санының статистикасы, сонымен қатар, 2019-2020 академиялық жылдағы ҚР жоғарғы оқу орындарының студенттерінің білім алуын қаржыландыру көздері қарастырылды. ҚР ҰЭМ СК деректері келесі көрсеткіштерді көрсетіп отыр:
• студенттердің жалпы саны 604,3 мың адамды құрайды, елдегі барлық студенттердің 54,5% үш қалада – Алматы (26,9%), Шымкент (17,8%) және Нұр-Сұлтан – 9,8% қалаларында оқу орындарында оқиды. Сонымен қатар, ҚР білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндамаға сәйкес 2018 жылы аталған қалалар мектеп түлектер арасында да жоғары сұранысқа ие болған, яғни осы қалалардағы студенттердің саны осы кезеңдегі мектеп түлектерінің санынан бірнеше есе жоғары.
Студенттерді қабылдау:
• 2019 жылы студенттерді қабылдаудың ең жоғарғы көрсеткіші келесі дайындық бағыттары бойынша жүзеге асырылған: «Педагогикалық ғылымдар» (26,8%), «Бизнес, басқару және құқық» (19,9%), «Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары» (18,1%);
• қабылдаудың ең төмен көрсеткіші келесі мамандықтардың үлесіне тиісті болған: «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария», «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» - тұтас алғанда 2,8%;
• күндізгі оқу формасы бойынша студенттердің 94,7% қабылданған, сырттай оқуға – 5,3% қабылданған. Тиімділігі төмен болуына байланысты 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сырттай оқу формасы жабылып (informburo.kz), оның орнына қашықтықтан оқыту формасы енгізілген. Кешкі оқыту формасының қажеттілігі төмен, небары 0,04% студент қабылдаған;
• студенттердің 43,8% мемлекеттік мекемелер қабылдаған болса, 55,6% - жеке меншік, 0,6% шетелдік оқу орындары қабылдаған.
Студенттердің оқу орындарын аяқтауы:
• 2019 жылы оқу орнын аяқтап шыққан студенттердің басым үлесі келесі мамандықтардың үлесіне тиісті болған: «Білім беру» (31,3%), «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (21,0%) және «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (15,2%) – жиынтық түрде түлектердің 67,5% құраған;
• Студенттердің басым бөлігі - 60,4%, оқу орнын күндізгі оқу формасы бойынша аяқтаған, сырттай – 29,1%, кешкі оқу формасы бойынша – 10,6%;
• Студенттердің 36,4% мемлекеттік мекемелерді, 62,9% - жеке меншік, 0,7% - шетелдік оқу орындарын аяқтаған;
Студенттердің жалпы саны бойынша білім беруді қаржыландыру көздері:
• мемлекеттік білім гранттарының есебінен білім алатын студенттердің саны 173,4 мың бірлік, бұл студенттердің жалпы санының 29,0% құрайды. 424,2 мың студент ақылы білім беру қызметтері есебінен білім алады, бұл студенттердің жалпы санының 71,0% құрайды. Оның ішінде 98,7% (418,6 мың бірлік) халықтың өз есебінен, 1,3% (5,7 мың бірлік) кәсіпорындар есебінен білім алған;
• мемлекеттік гранттардың 49,7% келесі үш мамандық бойынша бөлінеді: «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (26,5%), «Білім беру» (13,0%), «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» (10,2%);
• Кәсіпорындар есебінен білім алу жүзеге асырылатын топ-мамандықтар – «Білім беру» (қаржыландыру кәсіпорындардың есебінен жүзеге асырылатын барлық мамандықтардың 18,9%), «Педагогикалық ғылымдар» (17,1%), «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (14,7%), «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру) (10,7%).
Қорытынды:
• республикалық маңызы бар үш қала студенттерді тарту тұрғысынан көшбасшы болып қалып отыр;
• «Педагогикалық ғылымдар», «Бизнес, басқару және құқық», «Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары» мамандықтары қазақстандық студенттер арасында неғұрлым сұранысқа ие. Студенттерді қабылдау және оқу орнын аяқтау тұрғысынан трендтер өзгерген жоқ.
• Студенттердің үштен бір бөлігіне жуығы мемлекеттік білім беру гранттарының есебінен білім алады. Гранттардың басым көпшілігі техникалық мамандықтар бойынша, сонымен қатар, білім беру және денсаулық сақтау салалары бойынша бөлінеді.
* бағандардағы "толық есептемеу" барлық студенттердің мамандықтар бойынша бөлінген сомасы 100% асып кетпеуі үшін студенттердің жетіспейтін санын білдіреді
** дайындық бағыттарының атаулары әр алуан болуы ықтимал (мысалы, студенттерді қабылдау статистикасы барысында "6В01 Педагогикалық ғылымдар" бағыты бар, ал студенттердің оқу орнын аяқтау статистикасы кезінде "5В010000 Білім беру" бағыты қолданылған, бұл 2018 жылы Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптамасында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптамасын алмастыруымен байланысты болып отыр.
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
барлығын көрү