Блогтар
Шағын жинақты мектептер: керек пе әлде керек емес пе
1 маусым, 2020
Кайнар Кожумов
Серіктес
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің соңғы отырысында Мемлекет басшысы Қ-Ж.К. Тоқаев білім беру саласын жақсарту бойынша бірнеше бастаманы атап өтті. Өңірлік даму жөніндегі жобаларында CRC жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, біздің бұл үшін не қажет екеніндігіне қатысты өз пікіріміз бар.
Осы басылымда біз мектептерді ірілендіру, қазіргі заманғы интернаттары бар мектептер жүйесіне көшумен шағын жинақты мектептерді жабу жолымен ауылдық жерлерде мектептегі білім беру сапасын арттыру бойынша өз ұстанымымызды айтқымыз келеді.
Мемлекет басшысы айтқан бастамалардың арасында біз мыналарды ерекше атап өткіміз келеді:
1. Бір оқушы үшін шығынның жеткіліксіздігі.
2. Білім беру инфрақұрылымын дамытуға жеке инвестицияларды тарту.
3. Ауылдық шағын жинақты мектептерді білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету.
4. Жоғары білімнің қолжетімділігі.
Бірінші. Бір оқушы үшін шығынның жеткіліксіздігі.
«Білім беру үшін бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігіне келетін болсақ, әрине, бұның өз себебі бар – «Көрпеге қарай көсілу қерек». Қаражатқа сәйкес өмір сүру керек, бірақ орташа есеппен біз бір оқушы үшін жылына 1 мың доллардан сәл кем ақша жұмсаймыз, ал PISA рейтингінің алғашқы ондығындағы көшбасшы-елдер бір оқушы үшін 10-нан 14 мың долларға дейін жұмсайды.
Мен бұған кездейсоқ назар аударған жоқпын. Білім беру сапасының базалық шарты заманауи санитарлық нормалар мен жабдықтаудың және эргономика стандарттарына сәйкес келетін мектеп инфрақұрылымы болып табылады.
Қазақстан мектебіне оқушылар саны жағынан жақсы жабдықталған және шағын сыныптар қажет. Көбісі қазірдің өзінде жасалуда. Білім берудің мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай 650 мыңнан астам орны бар 800 жаңа мектеп, ауылдық тірек мектептеріне арналған 114 интернат, 700-ден астам спорт зал салу жоспарлануда.»
Сипаттаманың өзін дауламай, білім беру саласына, әсіресе мектептегі білім беру саласына аса жоғары емес шығындардың да тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өткіміз келеді.
Бір оқушы үшін орташа шығын деңгейі көрсетілгенін ескеру керек. Бұл дегеніміз, бір жерде бұл шығындар жоғары, бір жерде төмен. Ал сіз қалай ойлайсыз, бір оқушыға шаққанда қай жерде көп шығын жұмсалады: қалаларда ме немесе ауылдық жерлерде ме?
Облыстардың бірінің мысалында, қалалық мектептерде балалардың көп оқитынына қарамастан, ауылдық жерлерде мектепте білім беруге жұмсалатын үлестік шығындар қалаларға қарағанда 2,5 есе жоғары деп айта аламын. Қалаларда - 1 мың доллардан біршама аз сома жұмсалады, ауылдық жерлерде - ол 2 мың долларға дейін жетеді.
Мұндай теңгерімсіздіктің себептерінің бірі мектептердегі оқушылар санының айырмашылығы болып табылады. Мектеп кіші болған болса, соғұрлым 1 оқушы үшін көп ақша қажет болады. Көрнекілік түрінде, ең жоғары үлестік шығыстар халықтың тығыздығы ең төмен аудандарда байқалған.
Сондықтан мектептегі білім беру саласындағы шығыстардың тиімділігін арттыруды мектептерді ірілендіруден бастау керек.
Екінші. Білім беру инфрақұрылымын дамытуға жеке инвестицияларды тарту.
«Инфрақұрылымдық даму жөніндегі міндет мемлекет есебінен ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы да шешілуі маңызды. Әйтпесе, біздің оң демографиялық динамикамызды ескере отырып, біз әрқашан қуып жетуші рөлінде боламыз.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін барлық қажетті нормативтік және құқықтық тетіктер бар.
Сонымен қатар, білім беру инфрақұрылымына инвестициялардың қаржылық тартымдылығын арттыру мәселесін пысықтау қажет деп санаймын. Жан басына қаржыландыру нормативтерін арттыру, МЖӘ жобалары бойынша өтелетін шығындардың мерзімдерін, сомалары мен құрылымын өзгерту мүмкіндігін қараған жөн.»
Қазір білім беру саласына жеке инвестициялар жан басына субсидияларға негізделген МЖӘ сызбасы бойынша тартылуда. Яғни, жеке инвестор салған мектепті балалар неғұрлым көп таңдаса және сол мектепте оқыса, соғұрлым ол көп субсидия алады. Алдыңғы түсініктемедегі сандарға орала отырып, ауылдық жерлердегі мектеп құрылысына көп жеке инвестицияларды тарта алатындығымыз туралы ойланып көрейік? Әлбетте, білім беру саласындағы барлық жеке инвестициялар тек қалаларға шоғырланатын болады. Олай болса ауылдағы білім беру инфрақұрылымын қандай қаражат есебінен дамыту керек? Бұл кезде тек бюджет қалады. Және осыдан бюджеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру қажеттілігі туралы мәселеге қайта ораламыз.
Үшінші. Ауылдық шағын жинақты мектептерді білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету.
«Алшақтықты қысқарту үшін ауылдық шағын жинақты мектептерді білікті педагог кадрлармен қамтамасыз ету керек.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасын қабылдасақ та, жастар ауылға барып жатқан жоқ.
Қазір ауылдарда бір мұғалім үш-төрт пәннен сабақ береді.
Бір сабақта әртүрлі жастағы балалар бірге отырып оқуға мәжбүр.
Ауыл ұстаздарына еңбекақы төлеу жүйесінде осы мәселе ескерілмейді.
Сондықтан бұл ахуалды біртіндеп түзету керек.
Мектеп жанындағы интернаттардың жұмысын одан әрі жетілдіреміз. Бұл аса қажет.
2025 жылға қарай 11 мың орынға арналған 100-ден аса интернат салынуы керек.»
Білікті педагогтарды ауылдық жерлердегі шағын жинақты мектептерге жібермес бұрын алдымен қазір Алматы, Нұр-Сұлтан немесе облыс орталықтарында жұмыс істейтіндерге мынандай сұрақ қойып көрейік: «Сіз шалғай елді мекендердегі шағын жинақты мектепке қандай жағдайда жұмыс істеуге барасыз?». Осындай ШЖМ-да кем дегенде 5 жыл жұмыс істеуге келісетін кем дегенде бір педагог табылатынына күмәніміз бар.
Кез келген адам үшін жұмыс –бұл өмірдің бір бөлігі ғана. Оның өмірінің басқа бөлігін тұрмыс, ұйқы, бос уақыт, өзін-өзі дамыту, достармен және әріптестермен қарым-қатынас және т. б. алады. Ауылдағы өмірдің неден тұратынын көбіңіз жақсы біледі деп ойлаймын. Өкінішке орай, қандай да бір сапалы бос уақыт, өзін-өзі дамыту, әріптестермен жұмыс уақытынан тыс кәсіби қарым-қатынас туралы айта алмаймыз. Ал енді педагогикалық мамандығын алған өз балаңызды елестетіп көріңіз. Сіз қалай ойлайсыз, ол нені таңдайды: оған қала ұсынатын мүмкіндіктерді ме, немесе жұмыс және ауыл өмірінің тұрмысын ба?
ШЖМ-ні күтуге жұмсалатын ақша үшін қазіргі заманғы интернаттары бар мектептерде балаларды оқытуды неге ұйымдастырмасқа? Барлық интернаттар сондай қорқынышты емес - өйткені сол интернаттары бар ҚТЛ-ға (қазақ-түрік лицейлері, қазір Білім Инновация лицейлері) ата-аналар өздерінің балаларын конкурстан өткізе отырып, қуана береді.
Мектептерді ірілендіру және қазіргі заманғы интернаттары бар мектептер жүйесін дамыту оларды ең алдымен 2000-нан астам тұрғыны бар ірі ауылдық елді мекендерде құруды көздейді. Онда қалай болса да педагогтар үшін өмір сүру мен жұмыс істеу үшін неғұрлым лайықты жағдайларды қамтамасыз етуге тырысуға болады. Бұл тағы да бюджет шығыстарының тиімділігінің мәселесі, бірақ енді өмір сүру сапасын арттыруға қатысты.
Төртінші. Жоғары білімнің қолжетімділігі.
«Жоғары білімнің қолжетімділігі маңызды мәселе болып табылады.
Мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу жүйесінде үлкен әлеуметтік компонентті қарастыру керек деп санаймын. Яғни, талапкердің академиялық жетістіктеріне ғана емес, сонымен қатар оның әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне де назар аудару керек.
Табысы төмен отбасылардан шыққан азаматтар мен жастар үшін гранттар санын ұлғайту туралы мәселені қарастырған жөн.»
Гранттарды бөлудің кез келген түрін квоталауға жол берілмейді, өйткені ол барлық балалардың жоғары білімге тең қол жеткізу ұстанымына қайшы келеді. Әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан және табысы төмен отбасылардан шыққан балалардың жоғары оқу орындарына түсу үшін бәсекеге қабілетсіз екендігі себептеріне де қарау қажет. Әдетте, бұл мектептегі білімнің нашар сапасының салдары болып табылады. Ал бұл, өз кезегінде, көбінесе, біліктілігі төмен педагогтармен оқытудың төмен сапасымен негізделеді. Біздің балалар бастапқы кезеңде талантты да қабілетті. Бірақ сапалы мектеп біліміне қол жеткізудің теңсіздігі оларға одан әрі білім алуға кедергі келтіреді. Сондықтан сапалы жоғары білімге қол жеткізу мүмкіндіктерін теңестіру үшін мұндай балалар үшін гранттар санын көбейтпей, керісінше бұл ақшаны мектептегі білім беру сапасын арттыруға бағыттау қажет.
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
барлығын көрү