қаз

Блогтар

Еңбек нарығының құрылымы ел экономикасының даму деңгейін қалай көрсетеді?

29 мамыр, 2020

site

Қуаныш Сайдуова

аға сарапшы

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

https://www.facebook.com/CenterResearchConsulting/posts/2713124305586590

Талдаудың мақсаты - өңірлердің аймақтық мамандануын және дамудың одан әрі векторын айқындау.

Еңбек нарығына талдау жүргізу мақсатында ҚР салалары мен аймақтары бөлінісінде халықты жұмыспен қамту көрсеткіштері барынша қолжетімді динамикада (1997-2019) пайдаланылды. Өңірлердің мамандануын анықтау үшін салалардың мынадай топтары пайдаланылды:

- ауыл, орман және балық шаруашылығы (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы);

- өнеркәсіп;

- бизнес-қызметтер (NAICS жіктелуі бойынша ЭҚЖЖ қаржы және сақтандыру, жылжымайтын мүлікпен операциялар және кәсіби қызмет кіреді).

Қорытынды: 
1.    ҚР әлі де аграрлық мемлекет болып табылады. 2019 жылға жұмыспен қамтылғандардың құрылымы келесідей (жалпы жұмыспен қамтылғандардан сектордағы жұмыспен қамтылғандардың үлесі): ауыл шаруашылығы-13,5%, өнеркәсіп – 12,5%, бизнес-қызметтер-6,8%.

2.    Алайда, динамиканы қарау кезінде ауыл шаруашылығында (24%-ға) және өнеркәсіпте (7% - ға) жұмыспен қамтудың төмендеуі және бизнес-қызметтерде (1998 жылдан бастап 4,3 есе) өсуі байқалады.

3.    Бұл ретте ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары үлесі 2001 жылы – 35%, өнеркәсіпте 1997 жылы – 18,3%, бизнес-қызметтерде 2019 жылы – 6,8% байқалды.

4.    Аймақтардың мамандануы келесідей көрінеді (1 сурет): 
– ауыл шаруашылығы - Ақмола, Алматы, Жамбыл, БҚО, Қостанай, СҚО, Түркістан; 
– өнеркәсіп - Ақтөбе (2013 ж. бастап), Атырау (2006 ж. бастап), ШҚО (2015 ж. бастап), Қарағанды (барлық кезең ішінде), Қызылорда (2017 ж. бастап), Маңғыстау (барлық кезең ішінде), Павлодар (2013 ж. бастап).
-бизнес – қызметтер-Алматы қ. (2005 ж. бастап), Нұр-Сұлтан қ. (2006 ж. бастап).

5.    Ауыл шаруашылығы секторында маманданған өңірлер өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандардың үлесі бойынша өзара ерекшеленеді. Солтүстік өңірлер өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандардың едәуір үлесіне ие (8,2-13,2%), ал оңтүстік өңірлерде өнеркәсіп үлесі аз (4,5-8,1%).

Экономикалық өсу шамасына қарай жұмыспен қамтылған халық ауыл шаруашылығы секторынан өндірістік секторға және одан әрі қызмет көрсету саласына ауысатынын ескере отырып, экономикалық дамудағы сәйкессіздіктерді жою үшін ел экономикасын дамыту мақсатында өнеркәсіп секторын, әсіресе оңтүстік өңірлерде күшейту қажет деген қорытынды шығарылады.

Дереккөздері: ҚР ҰЭМ КК жұмыспен қамту бойынша деректер. Naics жіктелуі - Парилья, Д. (2015). Жаһандық метромонитор 2014: белгісіз қалпына келтіру. Брукингс Институты. S.Das, A. Mourmouras, P.C. Rangazas, (2015), Economic growth and development. A dynamic dual economy approach.

* 2015 жылдан бастап жұмыспен қамтудың жаңа стандарттарына сәйкес жұмыспен қамтылғандарды есептеу әдістемесі өзгереді (19-шы ЕСХК ХЕҰ)

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

https://www.facebook.com/CenterResearchConsulting/posts/2713124305586590

барлығын көрү

Талдау

толығырақ

Блогтар

толығырақ

Жаңалықтар

толығырақ
site