қаз

Жаңалықтар

Сарапшылар бүгінгі таңда сұранысқа ие дағдыларды атады

6 мамыр, 2020

site

ақпарат көзі

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

https://www.inform.kz/ru/samye-vostrebovannye-na-segodnya-navyki-nazvali-eksperty_a3647020

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Зерттеу және консалтинг орталығының серіктесі Әнуар Боранбаев бүгінгі таңда сұранысқа ие дағдыларды атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сарапшы Қазақстанда жүйелі реформаларды жаңғырту және жүргізу мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер сериясының нәтижелерін онлайн-таныстыру барысында адами капиталды дамытудың негізгі бағыттарын ұсынды.

Оның айтуынша, сыртқы ықпал ету факторлары туралы айтатын болсақ, жаһандық трендтердің екі тобы Қазақстанның адами капиталына әсер етеді. Бірінші топ - таланттар үшін соғыс. Дамушы елдерден "ғұламалардың жылыстауы" күшейеді. Трендтердің екінші тобы дағдылардың өзгеруіне қатысты. Сауаттылық, дене еңбегі және ресми дипломдар жұмыс пен табысқа аз кепілдік береді.

"Үш топқа сұраныс өсуде: технологиялық дағдылар - технологияларды түсіну, инновацияларды әзірлеу және енгізу; әлеуметтік және эмоционалдық дағдылар – кәсіпкерлік, көшбасшылық, бастамашылық, коммуникативтілік; жоғары когнитивтік дағдылар – жасампаздық, сыни ойлау, күрделі мәліметтерді өңдеу", - деді Әнуар Буранбаев.

Айта кетейік, елді жаңғырту мәселелері бойынша зерттеуге ӘЭСИ, Зерттеу және консалтинг орталығының (CRC), "TALAP" қолданбалы зерттеулер орталығының, Еуразия аймағы бойынша Whiteshield Partners бөлімшесінің сарапшылары қатысты.

Зерттеуге шетелдік белгілі сарапшылар әдістемелік қолдау көрсетті, олардың ішінде Эрик Берглоф - Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) бас экономисті, Павел Войцеховски - Whiteshield Partners директоры, Польшаның бұрынғы қаржы министрі, Сергей Гуриев – Whiteshield Partners сарапшысы, ЕҚДБ бұрынғы бас экономисті, Париж саяси ғылымдар мектебінің профессоры (Sciences Po), Фади Фарра - Whiteshield Partners компаниясының тең құрылтайшысы, директоры және серіктесі, Кеннеди атындағы Гарвард мемлекеттік басқару мектебінің аға оқытушысы, Энтони О'Салливан – Whiteshield Partners компаниясының серіктесі және директоры, Париж саяси зерттеулер институтының профессоры (Grande école Sciences Po).

Қазақстандық сарапшылар Әнуар Буранбаев (CRC), Рахим Ошақбаев (Talap) және Қаныш Тулеушин (Whiteshield Partners) жекелеген зерттеу блоктарына жетекшілік етті.

Зерттеушілер атқарылған жұмыс нәтижелері ұсынымдық сипатқа ие және іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар мен даму тұжырымдамаларына балама болып табылмайтынын атап өтті.

Келесі қадам қоғамдық пікірталас өткізу болады, оған ИМЭП сарапшылары Қазақстанда да, шетелде де жұмыс істейтін зерттеушілерді, сарапшыларды, "Атамекен" ҰКП, кәсіптік одақтар мен қауымдастықтарды, қоғамдық қозғалыстарды қосылуға шақырады.

Пікірталасты қолдау үшін зерттеушілер командасы ашық диалог алаңын құрды. Зерттеу нәтижелері мен ұсынымдарын жария талқылау туралы барлық ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді болады: https://www.facebook.com/groups/kzexpertclub ескерту. Зерттеу нәтижелері келесі бетте жарияланады: https://kzexpertclub.fpp.kz/.

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

https://www.inform.kz/ru/samye-vostrebovannye-na-segodnya-navyki-nazvali-eksperty_a3647020

барлығын көрү

Талдау

толығырақ

Блогтар

толығырақ

Жаңалықтар

толығырақ
site