Блогтар
Moscow Urban Forum 2019
9 шілде, 2019
Куаныш Сайдуова
Сарапшы
Moscow Urban Forum 2019. OECD және UN-Habitat сияқты жаһандық ұйымдардың өкілдерінен, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі қайраткерлер мен негізгі ойыншылардан (жергілікті билік, бизнесмендер мен стартаперлер, сәулетшілер, бей-жай қайраткерлер және т.б.) тұратын спикерлердің тізімі қуантты. Спикерлердің гендерлік құрамында да осындай жайтты көргім келеді,бірақ өкінішке орай...бұл туралы менің әріптесім - Мадина Кабдуалиева егжей-тегжейлі айтты.
Мен өзім Мәскеу мэрі-Собянин C.С. сөздерін өте жақсы көрдім. Үлкен аудиторияның алдында сөз сөйлегенде ол дайындалған жазбаларды бір рет пайдаланбады. Ол айтқан барлық ақпаратты өзі арқылы өткізіп, ол баяндайтын нәрсеге сенеді анық көрінді.
Менің тәлімгерім айтқандай: Мәскеу оны дамыту үшін қаншалықты орасан зор нәрселерді жасайтыны емес, осы қаланың билігі қандай бағытта ойлайтыны маңызды. «Қаланың бас жоспарлары мен мастер-жоспарларында идеясы болмаса пайдасыз болып табылады. Идея бар болса - не істеу керек деген түсінік болады». (Собянин) Осы арқылы көп нәрсе айтылды.
Мені өз ойының кеңдігімен таң қалдырған спикерлердің бірі - Gil Penalosa. Penalosa «8 80 cities» концептісін әзірледі: қалалар 8-жасар және 80-жастағы тұрғындар үшін ыңғайлы болуы тиіс. Бұл жағдайда олар барлығына ыңғайлы болады. Қала барлығы үшін ыңғайлы болуы керек.
Мәскеу бұл жолы мүлдем басқаша ашылды. Оның ауқымы әсерлі. Белсенді даму сезіледі. Динамикалық көшелер мен магистральдар, кішкентай тұйық көшелер, үлкен ғимараттар, әртүрлі және жасампаз тұрғындар (Мәскеу бәрін жинаған сияқты), «ертегідегідей» шамдар ілінген Никольская көшесі - бұл жолы Мәскеу есте қалғандай болды. Петропавл тұйық көшесіндегі қабырдағы жазу көкейіме қона қалды: «Сенің ақыл-ойың қалай жарқырайды?»... Мен турист ретінде ризамын:)
CRC (Зерттеу және консалтинг орталығы) компаниясына берілген мүмкіндік үшін және әдемі фотосуреттер және серіктестік әріптестеріме үлкен рахмет:)
барлығын көрү