қаз

Блогтар

Сыртқы нарықтарға шығу стратегиясы немесе Димаш Құдайберген қалай табысқа жетті

25 қаңтар, 2019

site

Әнуар Буранбаев

серіктес

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

https://www.facebook.com/CenterResearchConsulting/posts/2320564901509201

Егер Димаш Құдайберген жолына экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, «біздің жұлдызымыз», мүмкін, еліміздегі ең ұтымды экономикалық агент. Оның талантын бағаламаған конкурстан кейін, тіпті «Қазақстанның арнайы тағайындалған құзыретті қазылары» жасаған соң, оның жергілікті жұлдыздармен бәсекелесу мүмкіндігі қалған жоқ. Себебі ішкі әкімшілік кедергілерді еңсерудің қымбат болуы немесе әртістің қазіргі эстрада жұлдыздарынан күшті айырмашылығы болуы мүмкін. Стандартты емес қадам қажет болды. Нәтижесінде, Димаш сыртқы нарықтарда өзін көрсету туралы мүлдем дұрыс шешім қабылдады.

«Өнімді» дамыту стратегиясында үш негізгі сұраққа жауап беру маңызды: Қашан? Қайда? және Қалай? Олардың әрқайсысына әнші логикалық жауап тапты.

Қашан: Димаш үшін бенчмарк ретінде Витас қызмет еткен. Бірақ, стратегиялық тұрғыдан оның ізбасары емес, Витастың белсенділігі түсіп, ол туралы ұмыта бастаған сәтті таңдау дұрыс болды. Бұл жағдайда Димаш өз уақытының алғашқы ізашары болды (first-mover).

Қайда: алғашқы қадамдар кезінде әртіс ең тиімді елді – ҚХР  дұрыс таңдап алды. Витастың жанры осы жерде тарихи бағаланған. Сонымен қатар, шығу шығындары мен тәуекелдер батыс елдерінен айырмашылығы ҚХР-да жоғары болған жоқ, өйткені «I am a Singer» жобасын жария ету Америкадағы «The Voice» сияқты ауқымды болған жоқ.

Қалай: бірінші қадам Қытай нарығын «жаулап алуға» мүмкіндік берген репертуар мен орындау мәнерін таңдау болды. Стратегия кең болды - ҚХР орнығу, Ресей Федерациясының көрші нарығына экспансия, олардың ойын ережелерін және дистрибьюторлық желіні пайдалана отырып, ҚХР мен РФ тыс жерлерде рандомдық өнер көрсету, әлемдік жұлдыздармен өнер көрсету - бұл брендті нығайтуға бағытталған аса тиімді іс-шаралар. Бренд көрші нарықтарды жоспарлы өңдеуге мүмкіндік береді, және онда жұлдыз бола отырып, еуропалық және, мүмкін, американдық нарыққа жүйелік негізде баруға болады.

Мұның бәрі не туралы? Димаштың тәжірибесі сыртқы нарыққа шығудың табысты көрсеткіші болып табылады және отандық өндірушілер үшін тамаша рөлдік модель бола алады.

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

https://www.facebook.com/CenterResearchConsulting/posts/2320564901509201

барлығын көрү

Талдау

толығырақ

Блогтар

толығырақ

Жаңалықтар

толығырақ
site