Блогтар
Барлық салалар маңызды, барлық салалар қажет. Ал, дегенмен, қайсылары маңыздырақ?
19 қаңтар 2019
Айгерим Кушумбаева
аға сарапшы
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
Әрине, сіз шикізат экономикалары ресурстардың мол болуына қарамастан, неліктен дамудағы алдыңғы қатарлы болып табылмайды деп ойладыңыз.
Керісінше, экономикалық әдебиетте «голланд ауруы» ұғымы жиі кездеседі, бұл шикізат елдеріне тән проблемалар туралы айтады (оның ішінде шикізат экспортына шамадан тыс тәуелділік, бұл экономиканың қалған секторларын тежейді). Өткен жылдардың тәжірибесі мұндай жағдайларда экономиканы әртараптандыру, экспорттың тауарлық себетін кеңейту қажет екенін көрсетті. Алайда, экономиканың қандай салалары жиынтық өсімге барынша әсер ететінін анықтау маңызды.
Алдыңғы қатарлы экономикалардың мысалында, көбінесе инновациялық секторлар олардың өсуіне қызмет еткен, бірақ оларға экономиканың қазіргі құрылымы мен салааралық байланыстардың дамуы көп жағдайда көмектесті. Осылайша, бу қозғалтқышы мен интернет, өз уақытында, аралас салаларға таралуының арқасында батыс әлемінің даму деңгейін еселеп арттыра алды. Шикізат экономикалары болған жағдайда, керісінше, «дәстүрлі» ағындардың болмауы және шикізат секторларының шектен тыс оқшаулануы оларда өндірістің ұлғаюынан әсерді басқа салаларға таратуға мүмкіндік бермейді.
Экономиканың бір секторда өсуге тәуелділік дәрежесін мультипликаторлардың (бұл жағдайда Леонтьев I-типті мультипликатор) – бір сектордың соңғы өнімінде сұраныстың (немесе өндірістің) басқасына таралуын көрсететін коэффициенттер матрицасының көмегімен бағалауға болады.
ҚР салааралық байланыстарын талдау шикізат секторы – мұнай өндіру (37-орын), ауыл шаруашылығы (39-орын) және т.б. – экономикаға үлкен мультипликативтік әсер әкелмейді (1 сурет). Мұнай өнімдерін қайта өңдеуді және металдарды өңдеуді қоса алмағанда, мультипликативтік әсер бойынша көшбасшылардың ішінде өңдеуші өнеркәсіптің секторлары басым болып отыр (топ-20 рейтингінің 15-і): олар аралас салалардың өніміне тікелей және жанама сұраныс қалыптастырады. Бұл бақылаулар салаларды үш түрге бөледі: тозған (ауыл шаруашылығы), оқшауланған (шикізат секторы) және тез өсетін және тізбекті әсер тудыратын (өңдеу өнеркәсібі) Франс Перроу өсу полюстерінің тұжырымдамасына қарама-қайшы болып табылады.
Осылайша, экономиканың өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс пайдасына құрылымдық өзгеруі орынды. Әрине, бұл секторлардың дамуы мен артықшылықтарды өсіру экспорттық себеттің құрылымына біртіндеп әсер етеді, бірақ жақында ол кем дегенде жартысына (әлемдік деңгей) өңдеу өнеркәсібінің өнімдерінен тұратын болады – уақыт пен күш-жігер мәселесі.
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
барлығын көрү