Жаңалықтар
Қазақстан қазіргі уақытта үшінші модернизация жағдайында тұр – сарапшы
6 мамыр, 2020
ақпарат көзі
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан қазіргі уақытта үшінші модернизация жағдайында тұр. Қазақстандағы модернизация мен жүйелі реформаларды жүргізу мәселелері бойынша талдау және зерттеу жұмыстарын онлайн таныстыру кезінде бұл жайлы Зерттеулер және консалтинг (CRC) орталығының сарапшысы Әнуар Боранбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Біз қазіргі таңда үшінші модернизация жағдайында тұрмыз. Неге үшінші модернизация? Егер тәуелсіз Қазақстанның тарихына қарайтын болсақ, онда екі үлкен кезеңді қарастыруға болады. Бұл - егемендікті сақтау, мемлекет құру, Қазақстанды әлем картасында бекіту мақсаты болған тоқсаныншы жылдар немесе бірінші модернизация кезеңі. Кез келген жағдайда біз өзгерістердің қаржыландыру көздері болуы тиіс екенін түсінеміз. Осы кезеңнің негізгі драйвері жекешелендіру болды. Сол кезде біз жаңа экономикалық көрсеткіштердің айтарлықтай құлдырауын бастан өткердік, халықтың елден кетуі айтарлықтай үлкен болды", - деді Әнуар Боранбаев.
Сарапшы сонымен қатар, бұл еркіндік пен ең жылдам құрылымдық реформалар уақыты болды.
"1998 жылғы азиялық дағдарыстан кейін екі мыңыншы жылдарға аяқ бастық. Көмірсутектердің бағасы сол уақытта қымбаттап, мемлекет аяғынан нық тұрды. Мемлекетте ресурстар пайда болып, модернизацияның екінші кезеңіне аяқ бастық. Ол кезеңде елдің дамуына басымдық бердік, оның негізгі драйвері ретінде табиғи ресурстарды айтуға болады. Экономиканың сол кездегі жылдық орташа өсімі айтарлықтай жоғары болды да, дамуы орташа деңгейдегі мемлекеттердің қатарына оңай ендік", - деп атап өтті Әнуар Боранбаев.
Әйтсе де спикердің айтуынша, сол кезде таңдалып алынған модель өз жемісін толығымен беріп, ендігі кезекте ары қарай не болады деген сұрақ туындап отыр.
"Естеріңізде болса екі мыңыншы жылдардың басында-ақ бұл сұрақтарға қойылған еді. Біздің көптеген мемлекеттік құжаттарымыз білім экономикасын, адам экономикасын құрғымыз келетінін көрсетеді, онда құндылықтар табиғи ресурстар есебінен емес, адамдардың білімі мен іскерлігінің есебінен пайда болады. Осы тұрғыдан алғанда, негізгі қозғаушы күш адами капитал болуы тиіс", - деп түйіндеді Әнуар Боранбаев.
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
барлығын көрү