қаз

Жаңалықтар

Қазақстанда жаңғырту мәселелері бойынша зерттеу нәтижелері онлайн-трансляция барысында таныстырылады

5 мамыр, 2020

site

ӘЭСИ

ақпарат көзі

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

https://www.facebook.com/CenterResearchConsulting/posts/2694498420782512

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ 6 МАМЫРДА ОНЛАЙН-ТРАНСЛЯЦИЯ БАРЫСЫНДА  ТАНЫСТЫРЫЛАДЫ

6 мамырда сағат 15.00-де Әлемдік экономика және саясат институты Қазақстанда жүйелі реформаларды жаңғырту және жүргізу мәселелері бойынша кешенді талдамалық зерттеулердің нәтижелерін таныстырады.

Аталған тақырыпқа арналған баспасөз конференциясының онлайн көрсетілімі жоғарыда көрсетілген уақытта Zoom сервисінің көмегімен келесі сілтеме бойынша өтеді: https://zoom.us/j/6920794312

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының тапсырмасы бойынша жарты жыл ішінде ӘЭСИ сарапшылары келесі негізгі бағыттар шеңберінде зерттеу жұмыстарын жүргізді: адами капитал және еңбек нарығы, жаңа экономикалық модель және өсу нүктелері, кеңістіктік даму, мемлекеттік басқару, азаматтар мен мемлекеттің өзара іс-қимылы, макроэкономикалық орта.

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған және ғылыми-қолданбалы сипаттағы бес арнайы кітап форматында ұсынылды.

Зерттеуге шетелдік белгілі сарапшылар әдістемелік қолдау көрсетті, олардың ішінде Эрик Берглоф - Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) бас экономисті, Павел Войцеховски - Whiteshield Partners директоры, Польшаның бұрынғы қаржы министрі, Сергей Гуриев – Whiteshield Partners сарапшысы, ЕҚДБ бұрынғы бас экономисті, Париж саяси ғылымдар мектебінің профессоры (Sciences Po), Фади Фарра - Whiteshield Partners компаниясының тең құрылтайшысы, директоры және серіктесі, Кеннеди атындағы Гарвард мемлекеттік басқару мектебінің аға оқытушысы және т.б.

Келесі қадам ретінде Қазақстанда, сонымен қатар шетелде ғылыми орталықтар мен корпоративтік секторда жұмыс істейтін зерттеушілерді, сарапшыларды, «Атамекен» ҰКП, кәсіподақтар мен қауымдастықтар, қоғамдық қозғалыстар және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне қызығушылық танытатын басқа да көптеген басқа да адамдарды қосылуға шақыратын қоғамдық пікірталасты өткізу болуы тиіс.

Пікірталасты қолдау үшін зерттеушілер командасы ашық диалог алаңын құрды. Зерттеу нәтижелері мен ұсынымдарын жария талқылау туралы барлық ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді болады: https://www.facebook.com/groups/kzexpertclub ескерту.

Зерттеу нәтижелері сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының ресми сайтының арнайы бетінде жарияланатын болады: https://kzexpertclub.fpp.kz/.

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

https://www.facebook.com/CenterResearchConsulting/posts/2694498420782512

барлығын көрү

Талдау

толығырақ

Блогтар

толығырақ

Жаңалықтар

толығырақ
site