қаз

Жаңалықтар

Қоғамның құндылық бағдарлары мемлекеттік дамудың жолдары жайлы талқыға жиі салынбай кетеді

site

ақпарат көзі

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

https://www.facebook.com/CenterResearchConsulting/posts/2555650208000668

Қоғамның құндылық бағдарлары мемлекеттік дамудың жолдары жайлы талқыға жиі салынбай кетеді. Алайда бүгінгі күні көп жағдайда дәл солар алдағы оқиғалар ағымын анықтайды: халықтың табыс деңгейі қандай болатынын, тұрғындардың білім деңгейі қандай болатынын және тіпті ел азаматтары қанша өмір сүретіндерін де. Менеджмент гуруы Питер Друкер «мәдениет стратегияны таңғы асқа ішеді» деп тегін айтпаған.

Осыған байланысты, 4 желтоқсан күні «Зерттеу және консалтинг орталығы» қоғамдық бірлестігінің командасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) қолдауымен Алматы қаласында «Қазақстандықтардың құндылықтары – 2050» атты дөңгелек үстел өткізді.

Өткізілген дөңгелек үстел аясында қатысушылар Қазақстандағы құндылық өзгерісінің қажеттілігін және оның орындалуына керек талаптарды талқыға салды. Пікірталас кезінде халық арасында «кәсіпкерлік рухты» тәрбиелеу сұрағы айрықша орын алды.

Екі сағаттық талқылаудың нәтижесі ретінде сарапшылардың пікірлерін осылайша жинақтауға болады:
1) Ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстанға құндылықтар өзгерісі қажет емес дегенге қарағанда, керегірек. «оң» немесе «теріс» құндылықтардың болмауына қарамастан, замануи қазақстандықтардың белгілі ерекшеліктері даму жолында бөгет болуы мүмкін. Рональд Инглхарттың «күн көріс қоғамы» деп атағаны «өз болмысын көрсету қоғамы» жағына қарай жылжуы тиіс.
2) Құндылықтар өзгерісін өткізуге мемлекеттің белсенді ат салысуы екіжақты салдары бар. Бір жағынан, мектеп сияқты құндылықтарды трансляциялайтын каналдар қазақстандықтарды «жаңа формацияға» тәрбиелейтін тиімді құрал болуы мүмкін: жасампаз, сыни ойлайтын, шыдамды, тәуекелге ашық. Екінші жағынан, құндылық өзгерісінің «табиғи» түрде өткізілуі үшін азаматтық қоғамның қалыптасуы маңызды: «жоғарыдан төмен қарай» емес, «төменнен жоғары қарай» даму мақсатында.
3) Кәсіпкерліктің дамуы, қоғамның әл-ауқаттылығы өсуінің қозғаушы күштерінің бірі ретінде сәйкес құндылықтарды тәрбиелеумен қатар жүргізілуі тиіс: ашықтық, бастамашылдық, қоршаған ортадағы адамдарға сенім білдір. Бұл құндылықтардың барлығы отбасыдағы тәрбиемен басталып, мектепте жалғасын табады.

Біз дөңгелек үстелдің сарапшыларына белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз: Илеуова Гульмираға, Домнин Сергейге, Еженова Қарлығашқа, Марат Баккуловқа, Ельдар Абдразаковқа, Гуревич Леонидке, Кожалиева Тоғжанға, Нуров Қанатқа, Тасболат Айгульге, Темирбекова Жанарға, Альжанова Аидаға, Калибеков Мақсатқа және Шамсутдинов Эльдарға.

Жемісті пікірталас үшін рахмет!

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

https://www.facebook.com/CenterResearchConsulting/posts/2555650208000668

барлығын көрү

Талдау

толығырақ

Блогтар

толығырақ

Жаңалықтар

толығырақ
site